«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Елордада АЭС салу қажеттілігі талқыланды

2024 жылғы 28 Мамыр
5816 просмотров

Елордада Стейкхолдерлер форумына қатысушылар атом энергетикасы жобаларын іске асыру кезінде ашықтықты сақтап, қоғаммен диалог орнату маңызды екенін алға тартады.

Бүгін Астанада  өткен Стейкхолдерлер форумында атом энергетикасы дамуының келешегі талқыланды. Іс-шарада қазақстандықтарды алаңдататын тақырыптардың бірі – атом электр станциясының құрылысы қозғалды. Атом өнеркәсібі қазіргі кездее өнеркәсіптік ауқымда электр энергиясын өндірудің экологиялық ең таза тәсілі.

Жиында мүдделі тараптар (атом энергетикасы сарапшылары, ҮЕҰ, бизнес, академиялық орта және мемлекеттік сектор өкілдері) АЭС салу электр энергетикасының тұрақты көзін қамтып қана қоймай, сонымен қатар озық технологиялар, құрылыс, ғылым, білім сияқты салаларды дамытудың қуатты катализаторы болады.

«АЭС құрылысына қарсы болсақ, онда энергетика саласында да, ел ауқымында да, осы кенжелегеніміз кенжелеген. Өзімнің көзім жеткені АЭС халық үшін ешқандай қаупі жоқ. Станцияның қоршаған ортаға залалы болмашы. Мұны Алматы мен Курчатовтағы зерттеу реакторлары түріндегі тәжірибеміз көрсетіп отыр», – деп атап өтті форум модераторы «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры, ҚР Еңбек сіңірген энергетигі Жақып Хайрушев.

 

 Бұл ретте елдегі энергетикалық тапшылыұ пен басқа елдерден энергетикалық тәуелділіктен түбегейлі құтылу керек. Осы мақсатқа жетудің бірден бір жол – АЭС салу деп мәлімдеді Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

 «Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі азаматтар арасында күмән тудырып отырғаны жасырып емес. Көпшілік мұндай станцияның артықшылығын түсінбей, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін зерделемейді. Өкінішке қарай, халық елімізде атом энергетикасынан нақты экономикалық пайда туралы аз мәліметке ие», – деді Бану Нұрғазиева жиын барысында.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанның атом саласында 20 мыңнан астам адам, оның ішінде негізгі өндірістік персоналда 15 мың адам жұмыс істейді. Олардың жұмыс нәтижелері Жапония, Франция және біздің ядролық ғалымдарымыз ынтымақтасатын басқа елдердегі атом электр станцияларының бірқатар инновациялық жобаларында ескеріледі.

«Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша еліміздің орасан зор тәжірибесін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, ядролық физика институты, оның негізінде 57 жыл бойы су реакторы(ВВР-К) )табысты жұмыс істеп келеді. Бұл құрылғы АЭС салу үшін қаралып жатқан реакторлардың прототипі саналатын Қазақстан Республикасындағы жалғыз стационарлық, көп мақсатты зерттеу реакторы. Институт базасында атом саласы үшін маман даярлау жүзеге асырылып жатыр», – деп атап өтті Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев.

 

Форумның панельдік сессияларында Қазақстандағы энергетиканың қазіргі жағдайы, экономиканың тұрақты дамуындағы атом энергетикасының рөлі, атомның экология мен әлеуметтік аспектілерге әсері талқыланды. Мәселен, Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың өсуінжәне қолданыстағы станциялардағы жабдықтардың тозуын ескере отырып, жаңа энергия қуаттарын енгізу мәселесі қозғалды. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин айтуынша, елімізде атом-энергетика саласын дамыту үшін барлық алғышарт жасалған: Қазақстан Үкіметінің көміртексіз энергетикаға көшуге бағдар алған, сондай-ақ елде шикізат және өндірістік база қалыптасып келеді.

«Қазақстанда АЭС салу – елдің индустриялық дамуы үшін қажетті айқын, тиімді шешім. Атом энергетикасы барлық салаға мультипликативтік оң әсер етеді», – деп пікірін бөлісті Тимур Жантикин.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар атом саласын одан әрі дамыту ел үшін маңызды екенін алға тартты. Олар маңызды шешімдер қабылдауды талап ететін бірқатар қорытынды жасады. Сондай-ақ, форумға қатысушылар атом энергетикасы саласындағы жобаларды іске асыру кезінде ашықтықты сақтап, жұртшылықпен диалог орнатудың маңызын атап өтті.

 Министрліктер мен елордалық ұйымдардан басқа, пікірталас алаңында облыстық қоғамдық кеңестердің өкілдері, Алматы облысы Үлкен ауылының ақсақалдары, Қазақстанның Азаматтық альянсының лидерлері, энергетика және атом саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың басшылары жиналды. Форум тақырыбы бойынша өз позициясын білдіруге «Байтақ» жасылдар партиясы, «Атамекен» ҰКП мүшелері, ірі бизнес өкілдері, республикалық жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары және басқа да мүдделі тараптар келді. Іс-шараны «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және ҚР Энергетика министрлігі ұйымдастырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер