«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвесторларға жағдай жасалуы керек

2024 жылғы 01 Наурыз
- Маңғыстау облысы
8357 просмотров

Бүгін Ақтауда Өңірлік кәсіпкерлер палатасында облыс прокуроры Руфат Құттықовтың төрағалығымен «Прокурорлық сүзгі» пилоттық жобасын іске қосу туралы кеңес өтті. 
Жобаның мақсаты-инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу тетігін жетілдіру және профилактиканың тиімді құралдарын енгізу.
Прокурорлар жобаның 4 бағыты бойынша жүзеге асырылатынын түсіндірді:
1.инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдау кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-қимылдарын келісу;
2.салық органдарының тексерулерін тағайындау туралы актілер мен шешімдерді келісу;
3.әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істердің заңдылығын мониторингілеу, зерделеу және бағалау;
4.Инвесторлардың мүдделерін қозғайтын мемлекеттік органдардың талап арыздарын бағалау.
Кеңесте инвесторларды қолдау, бизнеске келтірілген кедергіні жою мәселелері талқыланды. Мысалы, «Mangystau Oil Refining» ЖШС-і инвесторлары 2019 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ желісінен өз зауытына дейін мұнай құбырын салуға техникалық шарттарды келісе алмай келеді. Өйткені «Каскор-Трансервис» АҚ өзінің монополиялық жағдайын пайдалана отырып, әртүрлі сылтаулармен келісуден бас тартады.

«Қуаттылығы жылына 830 мың тонна мұнай өңдеуі тиіс кәсіпорынға мұнай құбырын тартуда қиындық бар. Атап айтсақ, «Каскор- Трансервис» компаниясы техникалық шарттарды өзгертуді талап етіп, темір жол желісі арылы өтетін құбырға рұқсат бермей отыр. Жобамызды іске асыру үшін 14 жер пайдаланушыдан рұқсат алуымыз керек еді. 13-імен келісім жасалды. Тек жалғыз «Каскор-Трансервиспен» қиындық туып тұр. «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында мәселені заңды түрде шешетін мүмкіндік болады деп сенеміз»,- деді «Mangystau Oil Refining» ЖШС директорының орынбасары Қуаныш Тайғұқов.


Шарада прокуратура органдарының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тиімділігін арттыру және «Прокурорлық сүзгі» пилоттық жобасының тиімділігі да айтылды.


««Атамекен» алаңында «Прокурорлық сүзгі» жобасын түсіндірдік. Бұл жоба бизнеске жасалатын тексерістердің алдын ала негізін қарайды. 1 қаңтардан бастап бизнеске жарияланған мороторий тоқтады. Сондықтан да кәсіпкерлерге қатысты заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында осы жоба жасақталды. Мәселені сүзгіден өткізіп, тиісті шара қолдануға әсер етеміз. Өткен жылы прокурорлардың араласуымен 7,5 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды. Олардың пайдасына 1,2 млрд теңге өндірілді. Сондай-ақ, инвестициялық жоба сомасы 100 млрд теңгеден асатын 11 инвестордың мәселесін оң шештік»,- деп атап өтті Маңғыстау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Мерген Меңдіғалиев.


Маңғыстаулық кәсіпкерлердегі мәселелер- жер учаскелерін бөлу, құрылысқа рұқсат беру құжаттарын беру, коммуникацияларды қосу және т. б. бойынша шешімдер қабылдау кезінде лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі және әуре-сарсаңға салуымен бетпе-бет келеді екен.


«2022 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-ге шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар деңгейі14,6% құрады, бұл 1998 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болып табылады.Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының төмендеуі байқалады. Аталған үрдістер елге инвестициялар тарту саласында жүйелі проблемалардың бар екендігін айғақтайды. Сондықтан ел Президенті прокуратура органдарымен маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде тапсырма берді. Бүгінгі таңда орталық және өңірлік деңгейлерде мыңнан астам инвестициялық жобаларды сүйемелдеу ұйымдастырылды. Прокурорлардың көмегімен 103 проблемалық іс шешілді. Олардың ішінде Түркия, БАӘ, Германия, Қытай, Польша және Франциядан келген бірқатар шетелдік инвесторлар бар»,- дейді «Атамекен» ҚР ҰКП құқықтық қорғау департаментінің басқарушы директоры Азамат Құсайынов.


Мемлекет басшысы елдің жаңа экономикалық парадигмасын қалыптастырудың негізгі факторы ретінде инвестициялар тарту мәселесіне ерекше назар аударады. Қазақстанда шетелдік инвесторлардың үлкен қызығушылығы байқалады. Осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігі нақтыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер