«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-қоғамдастық бюджеттік жобалардың құрылысы бойынша қазынашылық сүйемелдеуді алып тастауды қолдайды – Ұлттық палата

2022 жылғы 15 Тамыз
6489 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекет пен бизнесті қатар дамытудың құралы ретінде өзара әрекет ету мен интеграция, сондай-ақ қаржы ағынын және оны тиімді пайдалануды бақылау үшін 2017 жылы пилоттық жоба ретінде тәжірибеге енгізілген қазынашылық сүйемелдеу жүйесін тұтас алып тастауды талап етеді. Бизнес-қоғамдастық осы пилоттық жоба ескі мәселені шеше алмады, жаңа түйткілдердің пайда болуына әсер етті деп есептейді.

Кәсіпкерлер қазынашылық сүйемелдеу тұжырымдама деңгейінде қайта қарауды талап ететін мәселе екенін осыдан 5 жыл бұрын-ақ айтқан. Алайда жоба кері қайтарылмай, керісінше бүкіл Қазақстанға енгізіліп кетті.

«Қазір осы 2022 жылы қазынашылық сүйемелдеу толық алынып тасталуы керек. Мұндай құралдан бас тартудың себебі жеткілікті. Әуел баста қазынашылық сүйемелдеу құрылыс нарығын ынталанырады, бюджет қаражатын анағұрлым тиымды жұмсауды көздейді деп болжанса да, жүйеде бұл мақсат орындалмады, қайта шешудің орнына жаңа мәселені туындатты», – дейді «Атамекен» ҰКП Төралқасы Құрылыс және ТКШ комитеті төрайымының м.а. Ирина Манжанова.

Қазынашылық сүйемелдеуді енгізген кезде мемлекеттік органдар ойластырған қаржы ағынын бақылау жүйесі – орынсыз, шындығында төленген салыққа мониторинг жасау ісін қайталайды. Бұл уәкілетті органдарда бар дейді Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы. Ал осы қауымдастықтың төрағасы Виктор Микрюковтың айтуынша   төленген салық көрсеткіші мемлекеттік сатып алу байқауының нәтижесіне тікелей әсер етеді, бұл онсыз да мердігерді салықты толық төлеуге ынталандырады.

Кәсіпкерлер қазынашылық сүйемелдеуден туындаған алғашқы мәселенің бірі төлемнің кешіктірілуі екеніне баса назар аударып отыр. Инфляция жағдайында нысандарды аяқтау мерзімі мен оның құнына кері әсер етеді дейді Ирина Манжанова. Алайда мемлекеттік органдар қазынашылық сүйемелдеу арқылы бақылай отырып, құрылыс нысандарын қаржыландыруды тез әрі нақты іске асады деп болжаған еді.

«Тәжірибе жүзінде мемлекеттік органдар тиімді құралдарды қолдануға дайын емес, ал бюджеттеу қандайда бір жобаларды іске асыру бойынша қаржыландыру мен шығынның нақты жоспарын біріктіруге қабілеткіз екені көрінді. Құрылыс нысандарына бөлінетін қаражат қазынашылық сүйемелдеудің тыйым салынған шоттарында жатыр және ол мемлекетке де, бизнеске де жұмыс істемейді. Бұл нарық қатынасында екі жақты да құртады, себебі біреуіне де қаржы айналымын қолдауға мүмкіндік бермейді, ал екіншісін шығынмен жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Уақытында қаржы бөлінгендіктен, компаниялар банк алдында қаржы жүктемесін алып, инфляция жағдайында әрең жұмыс істеуге еріксіз көнеді», - деп атап өтті Ирина Манжанова

Қазынашылық сүйемелдеудің қаржыландыру мәселесіне кері әсер ететіндіктен құрылысты уақытында аяқтау мүмкін емес. Бұл  нысанның уақытында аяқталуы мен жұмыстың сапалы атқарылуына тікелей жауап беретін мердігерге ауыр соққы.

«Қазынашылық сүйемелдеудің шарты күн өткен сайын қатаңдап келеді, жұмсартыпп айтқанда Президент тапсырмасында айтылған экономиканы дамыту тенденциясына сәйкес келмейді. Қазынашылық сүйемелдеу процестерінің күрделілігі қаржы мәселесін ғана созбақтатпайды, құрылыс процесіне де тікелей әсер етеді. Қазынашылық сүйемелдеу бюджетті жоспарлайтын органдар нақты әрі дәл жұмыс істегенде, еліміздің валютасы жылына екі рет девальвацияға ұшырамаса, мемлекеттің басқаруы бюрократиядан алыс, сыбайлас жемқорлық мәселесі жоғары басшылардың деңгейінде көтерілмегенде ғана тиімді жұмыс істейді. Біздегі қалыптасқан жағдайда бұл мүмкін емес, сондықтан қазіргі қолданып отырған қазынашылық сүйемелдеуді толық алып тастау керек және жаңа түзетулер енгізу керек дегенді алға тартамыз», - дейді «Атамекен» ҰКП Төралқасы Құрылыс және ТКШ комитеті төрайымының м.а. Ирина Манжанова.

Қазынашылық сүйемелдеуде қолданылаатын тұтас бақылау құрылыс саласының жалпы дамуын кешеуілдетеді дейді Ұлттық палата мамандары. Қаржы шығынын бақылау процесіндегі бюрократия, қосалқы мердігерлерді үнемі тексеру, сондай-ақ оларды ауыстыруды келісу қажеттілігі тағы бар. Компаниялар шаруашылық қызметіне килігумен де соқтығысады. Мұнда сыбайлас жемқорлықтың қаупі жоғары, қазынашылық сүйемелдеудің тағы бір мақсаты – процестердің ашықтығын іске асыруға кедергі келтіреді.

Қазынашылық қолдаудың қолданыстағы тәсілінен басқа, мемлекет рәсімдерді одан әрі бюрократияландыруды жоспарлап отыр, деп атап өтті салалық қауымдастық. Бақылаудың қосымша шарасы – Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығына түзетулер енгізіледі. Бұл құжат бойынша бас мердігерге қосалқы мердігерлерге аванстың 30%-ын тек төлем тапсырмасы негізінде ғана емес, сондай-ақ инжиниринг компанияның төлем сертификаты негізінде аудару міндеттеледі. Бизнес-қоғамдастық түзетулерді негізсіз деп санайды және олардың құрылыс жобаларын іске асыру мерзімдеріне, сондай-ақ бас мердігер ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына теріс әсер ететініне сенімді. Жалпы алғанда, бюджеттік объектілердің құрылысына теріс әсер етеді. Қазақстанда салықтық бақылаудың бірнеше ақпараттық жүйесі енгізіліп, жұмыс істеп жатыр. Бұл жүйелер бас мердігердің қаражатты мақсатты пайдалануын қадағалап отырады. Кәсіпкерлер қосымша бақылау шараларын енгізуді артық және негізсіз деп санайды.

«Мұндай өзгерістерді енгізу техникалық қадағалаудың негізгі функцияларын – құрылыс сапасын бақылау функцияларын әрекетсіз етеді. Біз техникалық қадағалау қызметінің негізгі бағытын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген шын мәнінде қажетті және маңызды – құрылыс сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндетке ақша қаражатының жұмсалуын бақылау функциясынан қайтару қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, тиісті қосымша төлемді көздемейтін нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген функцияларды орындауға жол берілмеу керек деп санаймыз», – деп санайды Қазақстан Құрылыс салушылар қауымдастығының төрағасы Виктор Микрюков.

 Жалпы алғанда, ҰКП мамандары атап өткендей, мемлекетке де, бизнеске де жылдам әрі арзан шешімдер қажет. Осындай шешімдердің бірі – бюрократиялық шығындарды алып тастау болуы мүмкін. Бұл құрылыс саласының неғұрлым серпінді дамуына жол ашады және инфляциялық процестерге байланысты туындайтын қаржы шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Қаржы министрлігі құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шарттардың аванстық төлемдеріне ғана қазынашылық сүйемелдеуді қолдану жолымен қолданыстағы механизмдерді ішінара қайта қарауға дайын. Бизнес-қауымдастық бұл ұсынысты қолдамайды және оның толық күшін жоюды жақтайды. Осы мәселе бойынша түпкілікті шешімді Үкімет қабылдауы тиіс.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер