«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, «таза парақтан» реттеуді енгізудің жоспарын ұсынды

2022 жылғы 01 Наурыз
7539 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының м.а. Нариман Әбілшайықов 2022 жылғы 1 наурызда өткен Үкімет отырысы барысында «таза парақтан» реттеуді енгізуге қатысты ұсыныстарды айтты. 

 «2021 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, Ұлттық палата базалық тәсілдемелерді пысықтады. Олар 30 желтоқсандағы жаңа реттеушілік саясат бойынша заңда көрініс тапты. Кәсіпкерлер реттеудің енгізілуін күтуде. Кәсіпкерлер ғана емес, қауымдастық сарапшылары да ҰКП-мен бірлесіп, бұл  жұмысқа қатысып жатыр, – деп атап өтті басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық экономика министрлігі  уақыт пен ресурстарды тиімді пайдалану үшін механизмді енгізуге қатысатын әр мемлекеттік орган үшін міндеттер және оларды орындау мерзімдері көрсетілген жұмыстың нақты жоспар-кестесін әзірледі.

 «Жұмысты жеделдету үшін осы жоспарды бекітуді сұраймыз. Екіншіден, қазіргі кезде құқықтық актілердің жобаларын дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл нормативтік-құқықтық актілер жаңа реттеушілік саясат жөніндегі заңды іске асыру үшін қажет. Қысқа мерзімді ескере отырып, мемлекеттік органдардың құжаттарды келісу бойынша жұмысын жандандыру қажет», – деді Нариман Әбілшайықов.

Сонымен қатар, спикер міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру кестесін және осы тізілімді жүргізу  бойынша жұмысты тездетуді сұрады. Оның айтуынша, бұл тізілімді Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, әзірлеуді қазір бастау қажет.

ҰКП және ҰЭМ бұл жұмысты екі кезеңде жүргізеді: 

1-кезең – тізілім құру, «Әділет» ақпараттық жүйесінде ұсыныстарды әзірлеу. Мерзімі – 2022 жылдың соңына дейін.

2-кезең – 2023 жылдан бастап тізілімді жыл сайын сүйемелдеу.

Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты одан әрі енгізу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулердің екінші пакетін әзірлеу жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударған жөн. Бұл үшін мемлекеттік органдардың салалық нормативтік-құқықтық акітелерді  базалық қағидаттарға сәйкес келтіру бойынша жұмысын жандандыру қажет деп санайды «Атамекен» ҰКП мамандары.

 Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында «таза парақтан» реттеуді енгізуді тапсырды. Бұл шара реттеуші саясаттың негізгі принциптерін өзгертеді.  «Атамекен» ҰКП Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, механизмді енгізу бойынша жұмысты бір жарым жыл жүргізіп келеді. Бизнеске қойылатын талаптарды жаңа реттеу саясаттың базалық шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қайта қарауды жұмыскерлердің жалпы санының 60% - дан астамы жұмыс істейтін 5 саладан бастады. Олар сауда, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру/тұру, көлік саласы.  2021 жылғы 30 желтоқсанда Ұлттық экономика министрлігі, ҰКП, отандық және шетелдік сарапшылардың бірлесуімен әзірленген жаңа реттеу саясаты мәселелері бойынша тиісті заң қабылданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер