«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда QR-кодты алу үшін кәсіпкерлерге көмек көрсету пункті жұмыс істеуде

2021 жылғы 29 Шілде
- Алматы қаласы
12329 просмотров

Апта басынан бері «Ashyq» жобасына қосылу үшін 2 мың жаңа өтінім келіп түсті. Осыған байланысты Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында бизнес субъектілеріне көмек көрсету пункті ашылды.

Қазақстан бойынша 23 313 бизнес субъектісі «ASHYQ» жобасына қатысуда. Бүгінгі таңда жоба бүкіл ел бойынша «қызыл» мәртебесі бар 13 мың қазақстандықты және «сары» мәртебесі бар 9,6 мың қазақстандықты анықтауға мүмкіндік берді.

Егер маусым айында Алматы қаласы бойынша барлығы 1 700 қатысушы болса, бүгінгі күні олардың саны шамамен 3 000 нысанды құрайды:

  • Фитнес және сауықтыру орталықтары - 210
  • СПА-орталықтары - 192
  • Бассейндер - 25
  • Боулинг орталықтары, бильярд, компьютерлік клубтар - 153
  • Сауналар (моншалар) - 127
  • Қоғамдық тамақтану объектілері – 1 800
  • Мәдениет объектілері (мұражайлар, көрмелер, кітапханалар, концерттік ұйымдар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, цирктер, мәдени-демалыс ұйымдары және басқалар) - 135
  • Лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері - 35
  • Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық түрде) - 29
  • Марафондар - 6
  • Алматы қаласының әуежайы мен ТЖ вокзалдары - 3
  • Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер) – 66

Ерікті түрде, жеңілдіктерсіз 1 195 бизнес нысандары қатысуда, 500-ден астам – қосылғысы келеді. Сондай-ақ, жақын арада әкімдік сайтында ерікті қатысушылардың тізімі жарияланады.

«Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер барлық жаңа қатысушылар үшін InfoKazakhstan.kz сайты арқылы беріледі. Соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері салалық қауымдастық арқылы өтінім бере алады. Тұтастай алғанда, өтінім беруден бастап тізімді әкімдіктің сайтында орналастыруға дейінгі бүкіл үдеріс күнтізбелік 9 күннен аспауы тиіс. Қазіргі таңда осы процессті жеңілдету мәселесі пысықталуда, яғни санитарлық дәрігерлермен және «Атамекен» өңірлік өкілдіктерімен келісу сәтін алып тастау жоспарлануда», - деп Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов бөлісті.

Айта кету керек, маусым айынан бастап Алматы қаласы бойынша ЦДИАӨМ – нің екі апталық есептемесіне сәйкес жобаның 300 – ден астам көшбасшысы және 875 аутсайдер (0 чекині бар) нысан анықталды.

Жосықсыз қатысушылардың жобадан шығарылу себептерінің бірі объектінің ВАК белгілеген QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеудің ең аз санын жүргізбеуі болып табылады. Олар сондай-ақ келесі негіздер бойынша жобадан шығарылуы мүмкін:

1) мониторингтік топ объектісінде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілері анықталған жағдайда;

2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде.

Мониторингтік топтың нәтижелері бойынша қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы жобаға 2 аптадан ерте, ал қайта бұзғандар 2 айдан ерте орала алмайды.

Алматы қаласының МБСД 26 маусымдағы №19 қаулысына сәйкес жобаға сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, азық-түлік емес базарларды және басқа да ШОБ объектілерін қосу мәселесі қарастырылуда. Олар ҚР МБСД тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін жеңілдіктер мен преференциялар қолдана алатын жобаның толыққанды қатысушысы бола алады.

Сонымен қатар, Палата басшысы «Ashyq» жобасына қатысудан бас тарту негіздері туралы айта кетті. Бұл объектінің ЭҚЖЖ кодына сәйкес келмеуі; локдауннан кейін жұмысы қайта басталмаған қызмет түрі; рұқсат беру құжаттарының болмауы (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, қызметтің басталғаны туралы хабарлама).

«Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға, сондай-ақ шектеу және карантин шараларын бұзуға жол берген азаматтарға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданатынын еске саламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер