«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Корпоративті табыс салығы бойынша есептеулерді шот-фактуралар негізінде растау 2020 жылдың 1 қаңтарынан қарастырылған

2020 жылғы 24 Қыркүйек
6512 просмотров

Осыған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінің жариялымдарында шағын және орта кәсіпкерлік, сондай-ақ ірі бизнес субъектілері үшін өзекті мәселені көтерген болатын

Мәселе шот-фактураларды корпоративті табыс салығы бойынша есептеулерді растайтын құжат ретінде қолдануға қатысты. Сәйкес ережелер салық салу жөніндегі Заң жобасына қарастырылған және сатып алуышының санаты мен мәміле сомасына қарамастан ҚҚС төлемеушілердің барлығына бірдей қолданылатын.

ҚР Парламенті Мәжілісі пленарлық отырысының қорытындысы бойынша аталған нормалар түзетіліп енгізілді: шот-фактуралар бизнеспен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге ғана қажет әрі мәміле сомасы 1000 АЕК-тен асуы тиіс.

 Заң жобасын талқылау барысында Мемлекеттік кірістер органы тарапынан мобильді қосымшаның және ҚҚС төлеушілерге арналған электронды шот-фактураның оңайлатылған түрінің қазіргі дамуы туралы айтылғандықтан Мәжілісі түпкі нұсқада құжаттың күшіне ену мерзімін 2021 жылдың 1 қаңтарына белгіледі.

 Жоғарыда аталған нормалардан бөлек Заң жобасында кәсіпкерлік қоғамдастық үшін маңызды ережелер бар:

 -2020 жылыдң 1 қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушісі ретінде міндетті есепке қоюдың шекті мәні 30 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін төмендетілді;

-шағын және орта бизнес үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алған салықтық міндеттемелер және талаптар бойынша телеп қою мерзімі 3 жыл болып сақталды.

 - өз өндірісінің тауар өндірушілеріне 50% мөлшерінде ҚҚС артық сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы берілген.

 - жолаушыларды автомобиль құралдарымен әлеуметтік маңызы бар

-  қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданішілік (қалааралық облысішілік) трафикте автомобильмен және трамваймен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдаулар ҚҚС төлеуден 3 жылға босатылады;

 - 5G байланысының жаңа түрін құруға жасанды интеллектті дамыту және инвестицияларды тарту мақсатында радиожиілік спекторын пайдалану үшін төлем мөлшерлемесі 5 жылға 10 есе төмендетілді;

 ЕАЭО ішінде тауарларды жалған тасымалдаушылармен күресуде мемлекеттік кірістер органдарының өкілеттілігі артты.

 Заң жобасы 2020 жылдың 23 қыркүйегінде екінші оқылымда мақұлданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер