«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыстың кәсіпкерлері жүйелі мәселелерді шешу жолдарын іздестіруде

2020 жылғы 22 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
4992 просмотров

22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесуде қызмет көрсету саласының проблемалық мәселелерін талқылады

15-18 қыркүйек аралығында «Атамекен» ҰКП Төралқасының басшысы Кәсіпкерлер палаталарының өңірлік кеңестерінің жаңадан сайланған 463 мүшесімен онлайн режимде кездесулер өткізді.

Палата төтенше жағдайлар, локдаун және карантиннен кейінгі кезеңде бизнесті қолдау бойынша қабылдаған шаралары туралы айтты. Тимур Құлыбаев атап өткендей, өңірлік бизнеспен биылғы бірінші кездесуден кейін мәселелер пакеті Премьер-Министр деңгейінде қаралды. Нәтижесінде, бизнестің 84 жүйелік мәселелерінің 41-і шешілді, қалғандары мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешімін табуда.

Жиын барысында Тимур Құлыбаев Өңірлік кеңестің жаңа мүшелерін тиімді шешімдерді қорытып, оларды ары қарай Үкімет алдына ұсыну үшін жергілікті бизнестің мәселелерін талдау мен жинақтауға белсенді атсалысуға шақырды.

«Құрметті әріптестер, сіздерге кездесуге белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Біз Басқарма және дирекциялармен аймақтық кеңестердің мүшелеріне ақпараттық қолдауды ұйымдастыру бойынша келістік. Өңірлік кеңестер мүшелерінен өңірлік бизнестің мәселелеріне талдау жүргізіп, бизнестің жай-күйін түсініп, сондай-ақ қандай секторлардың зардап шеккенін саралауын сұрағым келеді. Үкімет бизнесті қолдау бойынша бірқатар шара ұсынғанын білесіздер. Біз ҰКП ретінде ұсынған шаралар бүгінде іске асырылып жатыр. Енді іске асырылу тиімділігін байқау қажет. Шаралар тиімсіз немесе сұраныста болмаған жағдайда біз жылдам реттеуіміз керек, сондықтан сіздермен өткен осындай пікір алмасу өте маңызды.  Қолдау шараларының тиімділігін бизнестің өзі бағалауы тиіс», – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.

 Осыған байланысты ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі жанынан бизнес проблемаларын нақты талқылау және оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеу үшін салалық комитеттер құрылуда. Мәселен, өткен аптада Құрылыс комитеті мен Білім беру саласындағы мәселелер жөніндегі комитетінің отырыстары өтті, ал бүгін Қызмет көрсету саласындағы мәселелер жөніндегі комитеттің бірінші отырысында өте қызу және белсенді талқылау өтті.

Оның құрамына жеке кәсіпкер Роман Честных, «Сұлтан ТВ» ЖШС директоры Азамат Бигалиев, «Апару» ЖШС директоры Ерлан Шаяхметов, «ШҚО бизнес-тренерлер қауымдастығы» ҚБ төрағасы Рамиль Егізбаев кірді. Қатысушылар бірауыздан комитет отырыстарына кезек тәртібімен төрағалық етеді деп шешті.

Комитет отырысында бірінші болып ШҚО-дағы танымал қоғамшыл, кәсіпкер Роман Честных сөз сөйледі. Ол бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің талаптары көбінесе заңсыз, сауатсыз және қоғам мүдделеріне сай келмейтінін мәлімдеді.

Атап айтқанда, бағаны көтеруге шектеу енгізу, құны 1 млн теңгеге дейінгі дезинфекциялық тоннельдер орнату, Өскемен және Семей қалалары бойынша жүріп-тұру үшін әлі де күші жойылмаған рұқсатнамалар және басқа да мәселелер.

«Кез-келген кәсіпкер та кезалық стесін сақтамағаны, санитайзерге нұсқау болмағаны, бұл санитайзер дұрыс емес бөлмеде тұрғаны үшін жазалануы мүмкін. Бірақ көптеген талаптарды орындау мүмкін емес, шындыққа жанаспайды!» – деді Роман Честных.

Талқылау нәтижелері бойынша комитет мүшелері ымыраға келу және онымен келесі қаулыға мүмкін болатын түзетулерді қолданыстағы заңнама шеңберінде талқылау үшін келесі отырысқа ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерін шақыру туралы шешім қабылдады.

Карантин кезінде енгізілген және ӨКП алаңында наразылық білдірген бизнес өкілдері бірнеше рет талқылаған Мемлекеттік сатып алуды өткізудің арнайы тәртібі де сынға алынды.

Нақты компанияларға жасанды түрде жазылған техникалық сипаттамалар бәсекелестік ортаны жоққа шығарады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және бюджет қаражатын «жылыстатуға бағытталған» деп түсіндірді.

Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы сұрақтарды Ұлан ауданының тұрғыны, облыстық мәслихаттың депутаты Азамат Биғалиев көтерді. Қазақстанның басқа өңірлерінен келген компаниялар кейде жолдарды жөндеу, іс-шараларды БАҚ-та жариялау байқауларды және басқа да «жергілікті ауқымдағы» сатып алулар бойынша тендерлерді жеңіп алады, бұл қисынға мүлдем сәйкес келмейді және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру туралы Президенттің тапсырмасына қайшы келеді.

Жедел араласуды қажет ететін төтенше жағдайлар орын алған кезде, жергілікті атқарушы органдар өз отандастарынан көмек сұрайды, ал мемлекеттік сатып алу туралы сөз болған кезде басқа өңірлердің  фирмалары жеңіске жетеді, оған екі адам кіреді – нөлдік ресурстар және нөлдік мүмкіндіктер. Бұл дегеніміз, болашақта қосалқы мердігерлерге қайтару туралы ұсыныс болады. Бұл тәжірибе ешкімге құпия емес және мемлекеттік сатып алу байқауларына қатысатын кәсіпкерлерге бұрыннан белгілі.

Сондай-ақ, Азамат Шәкенұлы Шығыс Қазақстанның несиелік серіктестіктері мәселесін еске салды. Осы уақытқа дейін олардың көпшілігі «Ертіс» ӘКК борышкерлері болып қала береді, олардың шоттары бұғатталып, тіпті емделу үшін де елден тыс жерлерге шығуға мүмкіндік жоқ. ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы бұл мәселені үш жыл бойы жеке тәртіпте оң шешуге қол жеткізді, басқаша айтқанда – әрбір нақты жағдай бойынша жеке талқылау мен сот процесі талап етіледі.

Жолаушылар тасымалы саласының өкілі Ерлан Шаяхметов көлік қызметін ұсыну мәселелеріне тоқталды. Қазіргі уақытта облысаралық жолаушылар тасымалына тыйым әлі де сақталған, ал кәсіпкерлерді «неге?» деген сұрақ мазалайды.. Сондай-ақ, Ерлан Мұхатайұлының айтуынша, автокөлік тасымалы саласында билеттерді тек автовокзалдардан ғана емес, әртүрлі сату орындарынан сатып алуға болатын жалпыға бірдей қабылданған билет жүйесі жоқ.  

Рамиль Егізбаев локдаунның екінші толқынына дайындық мәселесін көтерді. Ол пандемияға көп ұшыраған аудандардағы кәсіпкерлер медициналық дәрігерлердің тыйым салуы мен шектеулері олардың қызметіне қайтадан әсер еткен кезде толықтай қарулану қажет деп санайды. Оның ұсынысы басқалар тарапынан қолдау тауып, қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туындаған кезде шектеу шараларын енгізудің жалпы, нақты белгіленген ережелерін әзірлеу қажеттілігі туралы айтылды.

Жиын соңында ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек айтылған барлық проблемалар бақылауға алынып, жергілікті атқарушы органдарға, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасы мен Төралқасына оларды шешу нұсқаларымен жеткізілетінін хабарлады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер