«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпкерліктің зардап шеккен салаларын қалпына келтіруге бағыттау қажет

22 Қыркүйек 2020
1908 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Өңірлік кеңестердің жаңа мүшелерімен кездесулері (ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында сайлау арқылы республиканың 15 өңірінде  өңірлік кеңестер жасақталды) шеңберінде көптеген мәселе көтерілді.

Жиындар барысына Қазақстанның түпкір-түпкірінен 463 кәсіпкер қатысты. Мәселелер ауқымы кең болды, осы ретте келесі тақырыптар: пандемиядан кейін бизнесті қолдау және қалпына келтіру шаралары, АӨК саласы, жер қойнауын пайдаланушылар және «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларына қатысты мәселелер, жергілікті қамтуды дамыту, утилизациялық алым мәселелері, салық салу және меншікті нарықты қорғау бойынша мәселелер жиірек көтерілді.

«Өңірлермен кездесулер өткізу жиілігі кәсіпкерлер – сіздермен «кері байланыс» орнатудың маңыздылығын көрсетті. Өңірлік бизнеспен ағымдағы жылда алғашқы кездесу нәтижесі бойынша мәселелер жиыны Премьер-Министр деңгейінде қаралды. Соның нәтижесінде 84 түйткілді мәселе ішінде 41 мәселе шешімін тапты, қалғаны мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және жергілікті атқарушы органдардың бірлесуімен шешілу деңгейінде. Бизнес өкілдерімен онлайн-кездесулер форматы тұрақты өткізілетін болады», – деді Тимур Құлыбаев.

Қазақстанның түрлі өңірінен кәсіпкерлер  бизнесті қалпына келтіруге кедергі келтіретін мәселелерді айтты.

Ақтөбе облысынан «CITY Shopping Center»  сауда үйінің директоры Николай  Чабаненко:

«Бүгінде сауда үйлерін жалға алушылар арасында алаңдаушылық өсіп келеді, өйткені жұмыс уақыты 40%-ға қысқарды. Наразылық  көктемгі тауар алынып, оны сату науқаны өтіп бара жатқан соң туындаған. Ал қыстық тауарды сатып алуға жалға алушыларда қаржы айналымы жоқ. Қазіргі таңда 135 сауда нысанында 8,5 мың саудагер жұмыс істеп жатыр. Сауда нысандары үшін жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесін қарауды сұраймыз».

Сондай-ақ алматылық кәсіпкерлер бизнестің жекелеген түрлері әлі жұмыс бастамағанын, олар ТЖ және карантин кезеңінде экономиканың зардап шеккен салалары (мектептегі асханалар, боулинг, бильярд, караоке, компьютер клубтары және басқалар) қатарында еместігін айтты.

Аталған қызметтердің жалпы экономикалық қызмет жіктеуіші экономиканың зардап шеккен салалары тізіміне қосылмаған (ҚР Президентінің «Салық салу мәселелері бойынша «Экономиканы ары қарай тұрақтандыру шаралары туралы» 2020 жылғы 16 желтоқандағы №287 Жарлығын іске асыру бойынша ары қарайғы шаралар туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысы). Сәйкесінше, аталған салалар салықтар және еңбекақы қорына әлеуметтік төлемдерден босату түрінде мемлекеттен жеңілдіктер алмады.

«Кәсіпкерлер жұмыс істей алмайды, демек, жұмыскерлерге еңбекақы, міндетті төлемдер, соның ішінде міндетті медициналық сақтандыру қорына төлемдер жасай алмайды. Осыған байланысты осы ұйымдардың науқастанған жұмыскерлері медициналық көмек ала алмайды. Оларға барлық медициналық қызметтерге ақы төлеу ұсынылады, бірақ жұмыс істемейтін адамдарда қаражат жоқ», – деді «Izo-Market KМ» ЖШС бас директоры Константин Босиков (Алматы).

Жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлердің мәселесі  өзекті.

«Кәсіпкерлік қызмет субъектілері Тараз қаласы тұрғындарына қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда қаржылық қиындықтар көруде, өтйкені қоғамдық көлік қызметі мемлекеттік органдар актілерімен тоқтатылған болатын, кіріс жоқ. Мүмкін болатын шаралар: Салық кодексіне көлік құралына салықтан босату түрінде салықтық жеңілдіктер беру үшін сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет», – деді деп атап өтті «Дана-Дель» ЖШС директоры Бақыткүл Тоқтыбаева.

Кәсіпкерлер келуішлер санын шектеу қоғамдық тамақтану саласындағы банкет залдары жұмысын тоқтатанын атап өтті.

«Банкет өткізу қызметін ауқымды дамыту мәселесі бойынша қоғам пікірі екіге бөлінгенін білеміз. Алайда осы салада жұмыс  істейтін кәсіпкерлер қаржылық қиындыққа тап болды. Ұжымдар, несиелер бойынша міндеттемелер бар. Міне алты ай болды өз бағытың бойынша жұмыс істеуге болмайды, ал қызмет түрін өзгерту үшін қосымша несиені енді бермейді. Мүлікке арест қойғанын, сатуға шығарғанын күту ғана қалды. Кәсіпкерлердің осы санатына көрсетілген дағдарысқа қарсы шаралар  аздық етеді», – деп атап өтті «Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Ляна Тұрсынова.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері карантин кезінде анағұрлым зардап шеккен салалардағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қолға алынатын қосымша шаралар жоспарын әзірлеу мен толықтыруға қатысып жатыр. Бұл жоспарға шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық пен әлеуметтік төлемдерді биыл жыл соңына дейін кейін шегеру, микро-, шағын және орта кәсіпкерлердің төлем мерзімі кейінге шегерілген несиесіне осы уақыт аралығында өсімпұл салмау, шағын және орта бизнес субъектілерін 2020 жылдың соңына дейін мемлекеттік және квазимемлекеттік нысандарды жалға алу ақысынан босату енген.

Карантин кезінде қызметі шектелген кәсіпорындардың коммуналдық қызмет ақысын төлеу мәселесі экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында талқыға салынбақ. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП сарапшылары ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жария еткен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында бар.

«4 мамыр күні өңірлердегі бинес өкілдерімен өткен кездесу барысында көтерілген 84 мәселенің 41-і шешімін тауып, қалғандарын жергілікті атқарушы билік, меморгандар және ұлттық компаниялармен бірлесе отырып, қарастырып жатырмыз. Бүгінгі күні бизнес өкілдері айтып өткен өзекті мәселелер де дәл осылай шешімін табады. Сіздердің ұсыныстарыңыздың бірқатары карантиннен неғұрлым зардап шеккен салалардағы кәсіпкерлерді қосымша  қолдау жоспарына енгізіледі, бір бөлігін алдағы уақытта жан-жақты талдай отырып, жоспарға кіргіземіз», –  деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.


Серіктестер