«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жүк көлігі үшін елордаға кіру және шығу ережесі

2020 жылғы 25 Наурыз
- Астана қаласы
8687 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер! Елорда маңындағы блок-бекеттердегі кептелісті болдыртпау үшін Нұр-Сұлтан қаласына кіру/шығуға қатысты жаднамамен мұқият танысуды сұраймыз

 Қалаға кіру үшін сұралатын құжаттар:

  • Сүйемелдеушінің жеке куәлігі немесе төлқұжаты;
  • Тауарға тауарлық-көліктік жөнелтпе жүкқұжат (азық-түлік, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек және темекі өнімдері);
  • Қорғанудың жекелеген құралдары: санитайзерлер, гигиеналық заттар (медициналық маскалар, резіңке қолғаптар), сондай-ақ жеке бас қорғану құралдары (маскалар, халаттар, резіңке қолғаптар).

Азық-түлік тауарлар, медициналық заттар және темекі өнімдерін жеткізу тәулік бойы іске асырылады!

 Азық-түліктік емес және құрылыс материалдарын жеткізу – түнгі уақытта 22:00-ден таңғы 5-ке дейін іске асырылады.

 Елордаға ұзақ уақытқа келген барлық көлік құралдары есепке алынады. Жүк көлігінің қозғалысына штабтың мақұлдауынсыз рұқсат берілмейді.

 Көлік құралдарының елорда аумағына өтуі үшін электронды мекенжайға operativnyy_shtab@mail.ru АЛДЫН АЛА өтініш жіберу керек. Осылайша карантинтік аймаққа кіру/шығу процесі тездетіледі.

 Өтінішті кәсіпорынның бірінші жетекшісімен рәсімделеді де мөрмен басылады (бар болса), сондай-ақ бірінші жетекшінің байланыс нөмірін жазу керек.

 Карантин уақытында қалада болу уақыты 6 сағатқа дейн шектелген. Осы уақыт өткен соң барлық блок-бекеттерде жүк көлігінің қаладан ШЫҒУ жөнінде шектеу қойылады. Осы жағдайда қаладан шығуға өтінімді қайталап жазуға тура келеді. Осы шартқа назар аударуды сұраймыз!

 Жаднаманы мында жүктеуге болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер