«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Айтуар Қошмамбетов: «Заңсыз жұмыс істейтін таксистерден көлікті тәркілеу – міндетті шара емес»

2019 жылғы 22 Қаңтар
- Алматы қаласы
7054 просмотров

Тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы істерді  Мамандандырылған ауданарылқ әкімшілік сот қарайды, ал автокөлікті тәркілеу сот шешімі бойынша өндіріп алудың қосымша шарасы ретінде қолданылады, деп санайды Алматы қаласы ӨКП директорының орынбасары.

 БАҚ көздерінде «Алматылық заңсыз жұмыс істейтін таксистердің автокөліктері тәркіленеді» деген тақырыпта мақала шықты.

Кәсіпкерлер болып тіркелмеген жолаушылардың жеке тасымалдауымен айналысатын көлік жүргізушілері көліксіз қалу қаупі жайында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетовтен түсіндірме беруді сұрадық.

«Әрине, көлеңкелі экономикамен күресуде түрлі әдістердің бәрі жақсы. Бірақ бұл ретте ақпаратты дұрыс жеткізе білу де маңызды. Берілген сілтемеде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы бойынша  жеке тұлғаларға тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып 15АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған», – деді ол.

 Сарапшының айтуынша, аталған санаттағы істерді Мамандандырылған ауданарылқ әкімшілік сот қарайды.

 «Құқық бұзушылық жасау заттарды, мына жағдайда – автокөлікті тәркілеу, міндетті шара емес, және сот шешімімен қосымша орындалады. Менің білуімде мұндай тәркілеу практикада болмаған және болмайды деп үміттенемін, өйткені мұндай бұзушылық қоғамға зиян келтіруге жатпайды», – деді сарапшы.

Айтуар Қошмамбетов жеке тасымалдаумен айналысатын азаматтарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге кеңес берді.

«Тіркелу небәрі 10 минут уақыт алады. Осы ретте ресми жұмыс істеп, салық төлеп,  алаңсыз табыс табуға болады», – деп қорытындылады маман.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер