«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауары – 2018»: Маңғыстау үздіктері марапатталды

2018 жылғы 16 Тамыз
- Маңғыстау облысы
4905 просмотров

15 тамызда Ақтауда «Қазақстанның үздік тауары – 2018» өңірлік көрме-байқауы өтті. Шараға аймақтағы 30-дан астам кәсіпорын қатысты. Биылғы байқауда танымал кәсіпорындармен қатар кәсібін жаңадан бастаған тауар өндірушілердің де өнімдерімен танысуға мүмкіндік туды.

«Қазақстанның үздік тауары» - ұлттық бренд деңгейіне көтерілген беделді шара. Көрме-байқауы жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Сондықтан да байқауға қатысу – кәсіпорындардың өзін танытуға, тауарын жарнамалауға, тұтынушы қатарын арттыруға зор мүмкіндік. Сонымен қатар жергілікті тауарөндірушілерді қолдау, отандық өнімдердің сапасын арттыру, инвестиция тарту, жаңа серіктес табу, бизнестің жаңа бағытын ашуға да серпін бермек. Байқау мақсаты-өнімдерді көбейту, аймақ нарығында  өнімдерді жоғары сапалы және бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халық арасында сапа идеясын танымал ету мақсатында ұйымдастырылды. 

«Маңғыстау облысы Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан аймағының бірі, елдің  жалпы ішкі өнімінің  5,6 %-ын осы өңір құрайды. Жыл сайын біздің облыста орта есеппен  914 жаңа кәсіпорын ашылып жатыр. Маңғыстау облысында  9595 кәсіпорын бар, оның ішінде 306-сы ірі және орта кәсіпкерлікке жатады. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстың Индустрияландыру картасына  22 жоба енгізілді. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға ерекше назар аударылып отыр. Біздің кәсіпкерлер уақытпен санаспай еңбек етіп, тұтынушылардың сұранысына сай, шама келсе бір адым алда жүруі қажет»,- дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев.

Бұл шара 2006 жылдан бастап елімізде өңірлік және республикалық деңгейде өткізіліп келеді. 2015  жылдан бастап аталмыш байқауды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында отандық бизнесті ішкі табысты өсірудің ең маңызды көзі ретінде белгіледі. Облыстың кәсіпкерлері жаңа бастамаларды белсенді түрде қолдайтынына сенімді. Осылайша олар экономиканың өсуіне және халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына үлес қосады.

Байқау  «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» үш аталым бойынша өтті. Сараптамалық комиссия жеңімпаздарды анықтады.

«Өңірлік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша:

  • «Каспий Битум» ЖШС
  • «Каскор-Машзавод» АҚ
  • «Паркер-Казахстан» ЖШС топ жарды.

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында:

  • «Жанарыс» ЖШС  
  • «Жекенова Әсел» ЖК
  • «Домик» ЖК жеңіске жетті.

Ал, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша:

  • «Сельскохозяйственный кооператив «Сегизбай Ата» ӨК
  • «Саукымбек» ЖШС
  • «Берекет-Ф» ЖШС үздік деп танылды.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар табысталды. Шараға облыс тұрғындары мен қонақтары қатысып, жергілікті кәсіпкерлер ұсынған отандық өнімдердің көрмесін тамашалады.

Жеңіске жеткен кәсіпорындар Маңғыстау облысы атынан «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына және «Қазақстанда жасалған» көрмесіне қатысатын болады. Республикалық байқау Астана қаласында 12-13 қазан күндері өтеді деп жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер