«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Авторлық құқықты не үшін тіркеу керек?

2018 жылғы 27 Маусым
23341 просмотров

Халықаралық және Қазақстан заңнамасының нормаларына сәйкес ғылыми еңбек, әдебиет, және өнер туындыларына берілетін авторлық құқық үшін туындыны тіркеу, туындыны рәсімдеу немесе басқа да бір қағаз жүзінде көрсету талап етілмейді. Бұл ереже туынды авторының кім екеніне қатысты ешқандай дау орын алмаған жағдайда ыңғайлы.

Авторлықты растау үшін кейде автордың өзіне қатысты ашылмаған жайтты, туындының көшірмесін немесе түпнұсқасын, автор туралы мәлімет пен туынды шығарылған күнді көрсету жеткілікті. Алайда көп жағдайда автор сотқа немесе мемлекеттік органдарға өзінің авторлық құқығын қорғауға жүгінгенде мұндай растау жеткіліксіз, авторға қойылатын сұрақты бірі – авторлық құқығын тіркегенін растайтын құжат бар ма? Мұндай жағдайда автор алдын ала ойластырып, өзіне қажетті құжаттарды реттеуі керек.

Туындыға авторлық құқық иелене отырып, өзінің туындысын үшінші бір тұлғалардың пайдалануына рұқсат бере алады, сондай-ақ тыйым да салады. Туындының тіркелгені туралы куәлікті ала отырып оны салық, кеден, құқық қорғау органдары мен сотқа көрсете алады. Авторлық құқықты ресми тіркеу туындыны ақшалай бағалауда да қажет. Студенттер мен ғылыми қызметкерлер үшін туындыны шығарғанына авторлықты ресми растау  басылымға жариялау ретінде көрсетіледі, диплом немесе ғылыми атақ алу кезінде маңызды. Кей авторлар үшін бұл жаңа өнім тудыруға, кей жағдайда өзінің шығармашылық қабілетін қанағаттандыруға ынталандыру болып саналады. Авторлық құқықтың тіркелу саны университет үшін рейтинг көтеруге көмектеседі және ғылыми жұмыстар үшін грант алуға сеп болады.

Туындыны тіркеудің артықшылығы ретінде материалдық емес актив түрінде баланста тұрған туындының құны мемлекеттік тіркеу кезінде артады, ал лайықты қорғалса, жыл өткен сайын өзінің материалдық нысан ретіндегі бағасын арттырады.

Туындыны тіркеу бірнеше себепке байланысты орынды:

• тіркеудің өзі куәлікте көрсетілген нысан әдебиет және өнер туындысы болып саналатынын растайды, авторлық құқық нысаны ретінде қорғалады;

• туынды авторының жеке бас мәліметі көрсетіледі және сол автор (авторлар) сот басқаша шешім шығарғанға дейін автор болып саналады;

• Шығарманың туындаған күні бекітіледі, ал туындының уәкілетті органға түскен күні ең болмағанда сол уақытта туындының бар болғанын растайды;

• Аталған туындының мүліктік құқығы кімге берілгені көрсетіледі. Егер сол құқық авторға тиесілі болмаса көрсетіледі;

• Авторлық куәлікті мемлекеттік орган береді және ресми мөрмен бекітіледі, сот оны растау және авторлық құқық тиесілі екенін дәлелдеу ретінде қабылдайды;

•Тіркеу туралы куәлік болғанда авторлық құқық бар және иеленетінін растайтын келісімшарт (еңбек, құқық беру және т.б. туралы) көрсетудің қажеті жоқ, себебі бұл мәліметтің барлығы куәлікте жазылған;

• Тендерлерге қатысқан кезде авторлық құқықты куәлікпен растау талап етіледі;

• Авторлық құқықтың бар болуы құнын білу үшін авторлық құқық бағалаушыларына жүгінгенде қажет;

• Туындының өзі уәкілетті органда сақталады, дау кезінде, мысалы сот «даулы» шығарманы авторлық құқықты тіркеу туралы өтінішпен бірге берілген нұсқамен салыстыра алады.

Сонымен қатар автор мен өтініш берушінің өтініші негізінде берілгені көрсетілетін куәлік, ақпарат авторлық құқық берілгенін растайды, Қазақстанда ғана емес, шет елде де баспа, мемлекеттік және жеке меншік мекемелер мойындайтыны сөзсіз.

Қазақстанда ҚР Әділет министрлігі тіркеуші орган ретінде саналады. АҚШ-та Конгресс Кітапханасы жанындағы Авторлық құқық бойынша Бюро орындайды, Ресейде – Ресей авторлық қоғамдастығы атқарады, басқа елдерде де осыған ұқсас мекемелер тіркейді. Барлық жағдайда тіркелетін құқық нысанына сараптама жасалмайды, бұл тіркеу емес, депозитке сақтау болып саналады, құқықтың мұндай жүйесі өте пайдалы.

Қазақстанда және АҚШ-та авторлық құқықты тіркеуге қатысты сауалдарды info@BolotovIP.com почтасына жолдауға болады.

Авторы: Юлия Завалко, «Болотов и Партнёры» ЖШС


Рубрика «Право интеллектуальной собственности» призвана ответить на эти вопросы, разъяснить что в казахстанском имуществе защищается в качестве объектов интеллектуальной собственности. Рубрика создана Национальной палатой предпринимателей РК «Атамекен» совместно с компанией ТОО «Болотов и Партнёры»

Еншілес ұйымдар

Серіктестер