«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Pro House жобасының сипаттамасы

2018 жылғы 01 Наурыз
8084 просмотров

Бұл жоба Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылады.

Еуропалық Одақ құрамына өз білімдерін, ресурстары мен болашағын бірте-бірте біріктіруге шешім қабылдаған 28 қатысушы мемлекет кіреді. 50 жыл бойы бірге кеңею ішінде оның қатысушылары мәдениеттің көп түрлілігін сақтай отырып, толеранттылықты қолдап және жеке тұлға еркіндігіне кепіл бере отырып, тұрақтылық, демакоратия мен орнықтылық аймағын құрды. Еуропалық Одақ өз жетістіктері мен құндылықтарын оның шекарасынан тыс орналасқан елдермен және халықтармен бірге қолдану қағидасына негізделген.

Еуропалық комиссия – Еуропалық Одақтың атқарушы органы.

Бұл жоба «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (IWO e.V.) Бастамасымен жүзеге асырылады. Осы жарияланымда айтылған пікір Еуропалық комиссияның пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Қазақстан мен Өзбекстанда, сондай-ақ өңірдің басқа да мемлекеттерінің көбінде тұрғын үйлердің шамамен 98%-ы

нда меншік иелері өмір сүреді. Бұл жеке меншікте тұрған пәтерлердің басым бөлігі 1990 жылдардың басында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жасалған жекешелендірудің нәтижесі.Кейіннен екі елдің үкіметі тұрғын үй секторын реформалауды бірнеше рет қолға алды.

Көптеген меншік иесі тұрып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару түрлі әлеуметтік, техникалық, құқықтық, қаржылық және операциялық міндеттерді шешуді қарастырады. Сол уақытта, көптеген үй мен пәтерге жедел кешенді жөндеу немесе қалпына келтіру қажет. Мұнымен қоса, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік басқарушы мекемелерді жеке қомпанияларға қайта құруға қатысты шешім қабылдауынан нарықтық қатынастар мен бәсекені дамыту жетіспейтіндігі сезіледі. Нарықтық орнықты дамуына және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бірқатар кедергіні алып тастау керек.

Елде жүргізіліп отырған реформаларға, мысалы заңнамаға өзгеріс енгізу, кондоминиум аясында қатынасты және меншік құқығын тиісті реттеуге қарамастан, тәжірибе көрсеткендей, үйлерді басқару және пайдалануға беруге қатысты жағдай осы күнге дейін әлі жақсармаған.

Pro House  жобасы тұрғын үй басқару сапасы бойынша, осылайша, тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік Қазақстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттердің күшін қолдауға бағытталған. Осы мақсатта тиісті жағдай құра отырып, білім мен біліктілікті бөлісе, жете түсіну деңгейін арттыра отырып, келісілген әрекеттерді жүзеге асырылуы мүмкін. 

Қазақстанда және Өзбекстанда жылжымайтын мүлікті кәсіби басқару – нарық пен тұрғын үй жағдайын жетілдіру.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстанда және басқа да көршілес мемлекеттерде тұрғын үй секторын жаңғырту бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде бірқатар маңызды міндеттермен қатар, аталған елдерде жылжымайтын тұрғын үйді басқару жүйесін реформалаудың қажеттілігі жоғары екені анықталды. Еуропалық Одақ қаржыландыратын Қазақстан мен Өзбекстанда тұрғын үйді кәсіби басқару бойынша Pro House жобасы екі мемлекеттегі жобаның қажетті құрылымын нығайтуға бағытталған.

Pro House жобасы 2019 жылға дейін 3 жыл бойы жалғасады, 2017 жылы «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» Бастамасының жетекшілігімен бастау алған. Жобаға Қазақстан, Өзбекстан және Германия серіктестерінің халықаралық консорциумы тығыз ынтымақтастықта болады. «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» Бастамасынан бөлек неміс серіктестерінің қатарында Еуропалық тұрғын үй және жылжымайтын мүлік білім беру орталығы мен Германияның жылжымайтын мүлікті басқарушыларының бас қауымдастығы бар. Қазақстаннан серіктестерде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы (қауымдастырылған серіктес) бар.  Өзбекстан тарапынан жобаға Өзбекстанның кәсіби басқарушы және қызмет көрсетуші мекемелерінің тұрғын үй қоры қауымдастығы қатысады.

Жоба жұмыс істеп тұрған басқару компанияларын қолдауға және алдағы уақытта ғимараттың энергетикалық жаңғыруын жүзеге асыруға итермелеуге бағытталған. Бұл меншік иелері мен меншік иелері қауымдастығымен әрдайым байланысты қолдауға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй басқарумен кәсіби айналысатын біліктілігі жоғары қызметкер де, осы процесте өздері қабылдайтын шешімнің жауаптылығын түсінетін тұрғындардың тікелей қатысуы энергетикалық термомодернизацияны жүзеге асыруға қатысты табыстың кепілі болады. Бұл тәсіл орташа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі келешекте азаматтардың тұрғын үй жағдайын айтарлықтай жақсартады.

Негізгі іс-шаралар

Ноу-хау технология трансфері мен неміс сарапшылары тәжірибелерінің жинақталуы тірекке айналады, оның негізінде ортаазиялық екі елге де  сараптамалық материалдар мен ұсыныстар дайындалады. Аталған платформаның негізінде жылжымайтын мүлікті басқарушылар мен қызығушылық танытқан  өзге де тұлғалар үшін іс-шаралар үйымдастыру мүмкіндігі туады. 

Негізгі міндеттер:

  • Қолда бар құқықтық және институционалдық шектік шарттарды талдау, алдағы жетілдіру үшін ұсынстар жобасын дайындау;

  • Тұрғын үй қорын басқару саласындағы делдалдық ұйымдар үшін ұзақ мерзімді стратегияларды дайындау;

  • Делдалдық ұйымдарды оқыту және біліктілігін арттыру, оларға қызығушылық танытқан тұлғалар үшін білім беру іс-шараларын өткізу мүмкіндігін беру;

  • Нарықтық негізде қызмет ететін тұрғын үй нарығының құрылымын дамыту;

  • Озық тәжірибе туралы ақпарат беру;

  • Жоба мен оның нәтижесі туралы ақпаратты тарату.  

Мақсатты топтар 

Жобаның мақсатты аудиториясына кіретіндер:

- Тұрғын үйді кәсіби басқарушылар; 

- шағын және орта кәсіпорындар, 

- тұрғын үй басқару қызметімен айналысатын және бизнес саласында делдалдық қызмет көрсететін тұлғалар, шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсететін құрылымдар;

- Құрылыс секторындағы қызмет жеткізушілер мен компаниялар, жергілікті билік, тұрғындар мен қауымдастықтар.


 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер