«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алдын ала бөлінген қаражат көлемі бизнес ашуға ниетті адамдардың барлығына жеткіліксіз болып шықты

2017 жылғы 20 Желтоқсан
10223 просмотров

Ұлттық палата «Бастау Бизнес» бойынша стартап-жобаларына қаржыландыруды көбейтуді ұсынады

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Үкімет отырысында жыл қорытындыларын жасап, келер жылға жоспарларымен бөлісті.

Төрағаның айтуынша «Бастау Бизнеске» жылдың басынан 15 000 адам қатысып, олардың 3000-нан астамы өз бизнестерін аша алды. Келер жылы еліміздің 160 аймағында өткізіледі. Қазіргі таңда 80 бизнес-жаттықтырушыдан тұратын тізім дайындалғанымен шешімін таппаған сұрақтар баршылық екендігі ашық айтылуда. Жобаның индикаторларына сәйкес қатысушылардың стартап-жобалардың 20%-ы қаржыландырылып, қалған қаражат жұмыс жасап тұрған бизнесті кеңейтуге бағыттылған.

«20% индикаторды сәтті жүзеге асырдық. «Бастау Бизнес» бойынша оқуды өткендерге 50% көрсеткіш болуы тиіс деп санаймыз. Бюджетік көрсеткіштердің бар екендігін білеміз, алайда мүмкіндік болса, осы мәселені қайта қарастыруды сұраймыз. Сонымен қатар, қаржыландыруды алу үшін уақыт пен құжаттар тізімін қысқарту қажет деп ойлаймыз. Кей бір шалғайдағы жерлерде микронесие алу үшін 32 құжатқа дейін жинау керек. Процессті жеделдетудің жолын іздеуді ұсынамыз», ­- деді Басқарма Төрағасы.

Абылай Мырзахметов қысқа мерзімді оқытуды жүзеге асыру бағытына ерекше тоқталып өтті. Қазіргі таңда Ұлттық палата кәсіпорындар аясындағы оқыту орталықтарының реестірін жүргізуде. 91 орталықта 2516 тыңдаушылар оқытылады. Оның 2354 оқуды сәтті аяқтады.

Абылай Мырзахметов Үкімет Ұлттық палатаның халықты жұмыспен қамту бойынша қызмет көрсететін жекеменшік агенттіктерді жұмылдыру ұсынысын қолдағандығын айтты. Заң жобасы қазіргі уақытта Мәжілістің талқылауында.

«Осы жылға мемлекеттік бюджеттен жекеменшік агенттіктер жұмыспен қамту процессіне бәсекеге қабілетті түрде қатысу мүмкіндігін беру үшін 1,5 млрд теңге бөлінді. Жұмыспен қамтылған бір адамға шамамен 67 мың теңге көлемінде болып есептелген. Тек жылдың соңына дейін ҚР Еңбек және халыққа әлеуметтік қорғау министрлігі тарифтерді бекітіп, ереженің күшіне енгендігін қадағалау қажет. Жұмыспен қамтитын жекеменшік агенттіктерге қолдау көрсетіп, жалпы бұл бағыттың болашағы бар деп ойлаймыз», ­- деді Абылай Мырзахметов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер