«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«ҚазТрансГазАймақ» пен Маңғыстау облысының бизнесмендері келісе алмай отыр

2017 жылғы 20 Сәуір
- Маңғыстау облысы
6916 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер кеңесі араласқаннан кейін даулы мәселе оң шешімін тапты

Өңірдегі кәсіпкерлер Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының практикалық және заңдық көмегінің арқасында көптеген мәселелер оң шешіліп отырғанын айтады.

Өңірлік палата шешкен мәселенің бірі – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалына қатысты туындаған кедергі. «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы бизнес нысандарына газ бөлетін желлерге қосуға және жобалауға техникалық шарттар берді, газ есептегіштің орнатылған жабдық қуатымен сәйкес келмеуіне айыппұл түрінде берілген төлем алынып тасталды, қосымша жабдық қосқаны үшін берілген айыппұл да алынды.

Кәсіпкерлер бұл мәселеге қатысты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалына бірнеше рет жүгінген. Алайда өтініштеріне прокуратура мен қала, аудан әкімдіктері назар аудармай келгендіктен, мәселе сол күйінде шешімін таппаған. Бұл мәселені Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы қолға алып, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ басшылығымен байланысқа шығып, мән-жайды анықтады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оң шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер