«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер қойнауын пайдаланушылар бойынша салық жағдайы

2016 жылғы 22 Қыркүйек
9760 просмотров

Ұлттық экономика министрлігінде қысылтаяң шақта мұнай өндірумен айналысып жатқан жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселесі талқыланды

Мұнай өндіру саласындағы компанияларға арналған салық тәртібі өзгеріп, тиісті тармақтар біртұтас Салық-кедендік кодексіне енгізілуі мүмкін. «Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған қазіргі салық режимі өзгеріс жағдайында, бүгінде мұнай өңдеу саласындағы экономиканың өзгергендігін барлығымыз түсініп отырмыз. Мұнайға деген ұзақ мерзімді бағаның қандай болатыны белгісіз. Алайда  бәріміз күтіп отырғандай алдағы бес-алты жылда бағалар бұрынғы деңгейіне оралмауы да мүмкін», – деді ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада өткен салық конференциясында.

Осы тақырыпты сөз ете отырып министр былай деді: «жаңа ақиқат жолағына енудеміз, болжамдарымыз, Ұлттық қорға мұнай өңдеу секторы мен жер қойнауын пайдалану секторынан түсетін түсімдер, соның ішінде салықтар түгелдей өзгерді». Сонымен қатар Қуандық Бишімбаев «өндіру жағынан өсіп жатқан жер қойнаулары да, өндіру түсіп кеткен жер қойнаулары да бар» екенін айтып өтті. Мұнай өндіруді белгілі бір деңгейде қолдау үшін «сөзсіз, инвестициялау қажет».

«Қазіргі салықтармен қазіргі баға деңгейі оларға мұны жасауға мүмкіндік бермей отыр», - деді ұлттық экономика министрі.

«Бүгін талқылағымыз келіп отырған жайттардың біріншісі өндіру деңгейі түсіп бара жатқан мұнай өндіру кәсіпорындарын қалай қолдауға болады, қазіргі кірістерді жоғалтып алмастан, оларға қосымша ресурстарды қалай беруге болады. Мұндағы біздің ең басты қағидаларымыздың бірі – орнығып үлгерген кірістер базасын бұзып алмау, бірақ оларды айтарлықтай ынталандыру», – деп атап өтті министр.

Осы жайтты сөз ете отырып, Қуандық Бишімбаев былай деді: «әлемде осындай табысты мысалдар бар, бұл туралы алдын ала айту керек еді».

«Біз басшылыққа алып отырған басты қағиданы айтайын: жаңа жер қойнауларын дайындауға жаңа инвестициялар тарту үшін бекітілген кірістерге салық салудан қаржылық нәтижеге қарай өтуіміз қажет. Ол таза пайдаға салық салу есебінен жүргізіледі», – деді министр.

Сонымен қатар ұлттық экономика министрі «осыған мүдделі мемлекеттік органдармен талқылап алған соң, бұл салада осы қағиданы біз егжей-тегжейлі, икемді етіп іске асырамыз» деді.

«Мұнымен не істемекпіз? Осы арқылы аталған экономикалық тетік жақын арадағы бес-алты жылда ІЖӨ бойынша қандай да бір өсім беруі үшін, жұмыс орындарын құрып, салық салу базасын арттыру үшін осы экономикалық өсімнің төмендеген кезеңінде барынша көп инвестиция тартып, айналымға салмақпыз», – деп түйіндеді сөзін Қуандық Бишімбаев.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер