«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуропалық бейіндегі мал шаруашылығы

2015 жылғы 04 Қараша
- Алматы қаласы
11064 просмотров

Қазақстанның аграрийлеріне чехиялық инвесторлар көмектеседі

Алматыға Чехия Республикасынан келіп жеткен бизнес-делегацияның жоспарлары ерекше амбицияға ие. Делегация құрамы Ауылшаруашылық министрлігі басшысы мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінен тұрады. Еуропадағы аграрлық өнімдерді ірі өндірушілердің кейбірі азды-көпті қазақстандық мал шаруашылығының бұрынғы даңқын қайта жаңғыртпақшы. 

«Қазақстанда аграрлық саланы дамыту үшін тамаша жағдай жасалған – аумағы кең, климаттық зоналары сан-алуан, жайлы географиялық жағдай және Қытай мен Үндістанның халқы тығыз орналасқан нарықтарына жақын. Чехиялық компаниялардың тәжірибе және технология тұрғысынан ұсынары бар. Атап айтқанда, біз ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және генетика, химия өндірісі нысандарын технологиялық жабдықтау жобалары жөнінен ынтымақтасуға дайынбыз», - деді беташар сөзінде Чехияның ауылшаруашылық министрі Мариан Юречка.

Делегация құрамына ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы, сүт өндірісі, сусындар мен азық-түлік, майлы дақылдар, химия және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, тасымалдау және логистика салаларында еңбек ететін, сонымен қатар қаржы және заң қызметтерінің кең саласын көрсететін 25 чехиялық компания кірді.

Жоғары шенді қонақтарды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Алматы және Алматы облысы әкімдіктері, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өкілдері, қазақстандық кәсіпорындар басшылары қарсы алды.

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтың айтуынша, мегаполис – еліміздегі біршама келешегі бар бизнес-алаң. «Алматы мен Чехияның тауар айналымы 130 млн. долларға жетті. Қалада 39 бірлескен қазақстандық-чехиялық өндіріс қызмет жасайды. Олар электр энегетикасы, тамақ өнеркәсібі, фармацевтика салаларында еңбек етеді», - деп хабарлады Алматы әкімінің орынбасары. Ол сонымен қатар қатысушыларға қаланың инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. «Алматының Алатау ауданында индустриялық аймақ жұмыс жасап тұр, онда мемлекет бизнеске жер телімдерін, қажет инфрақұрылымды ғана беріп қоймай, жеңілдіктер мен субсидиялардың тұтас бір топтамасын ұсынады. Оның үстіне, Алматы ірі ғылыми базаға ие. Мұнда республикадағы жоғары оқу орындарының 70%-ы шоғырланған, сондықтан да біз сіздерге өнеркәсіптік кәсіпорындарды ғана емес, инновациялар, ноу-хау дайындау үшін ғылыми зертханалар жасақтауды ұсынамыз», - деп атады Ерлан Әукенов.

«Алматы инвестициялық тартымдылығы жөнінен әлемде 51 орынды алады және экономикасы жылдам өсетін топ-10 қала қатарына кіреді», - деп қарсы алды қонақтарды Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов. «Чехиялық бизнес-қоғамдастықтың назарын аграрлық саланың ғана емес, машина жасау, логистика, туризм салаларының дамуына да аударғым келеді. Көркем табиғатты  таулар, өзендер, ерекше әсем табиғат, бір сөзбен айтқанда, экотуризмді дамытуға үлкен әлеует бар. Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде мүдделі әлеуетті серіктестер үшін кездесулер өткізуге алаңын ұсынуға дайын», - деп хабарлады Юрий Тілеумұратов.

Ресми кездесу В2В форматындағы екі жақты кездесулермен аяқталды. Ұйымдастырушылар аталмыш іс-шараның бірлескен жобалардың дамуына, тәжірибе алмасуға, жемісті іскер байланыстарды жөнге салуға сеп боларына сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер