«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бірнеше миллион теңгелік тендер

2015 жылғы 16 Қазан
- Маңғыстау облысы
15251 просмотров

Ақтаулық кәсіпкердің тендерді жеңіп шығуына Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы көмектесті

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС табысты оңтайландыру әрі шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында меншік құқығын өзіне қалдыра отырып, автоқұю бекеттерін жеке меншіктегі серіктестеріне беруді жалғастырып жатқаны белгілі. Ал жеке меншік кәсіп иесі АҚБ басқаруға алады да, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" өнімдерін ғана сатады. Ақтау тұрғыны Ержан Сағандықов та осындай мүмкіндікке ие болды.

Жеке кәсіпкер tender.sk.kz сайтына тіркеуден өтіп, автоқұю бекетін ұстау жөнінде қызмет көрсетуге жарияланған ашық тендерді көзі шалады. Алайда кейбір тұстарды толық түсінбей, Кәсіпкерлерді қолдау орталығынан консультация сұрап, мамандардан мемлекеттік сатып алу байқауына қалай қатысу керектігін, құжаттама дайындау жолдарын білуге бекінеді.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының ҚР ұлттық компаниялары мен жер қойнауларын пайдаланушылары мемлекеттік сатып алулары мәселелері жөніндегі менеджер-консультанты Мұзафар Чалабаев байқау құжаттамаларын зерттеп шығып, кәсіпкердің ашық тендерге қатысуға қажет құжаттар тізімін беруін сұрайды. Бұл өтінімді қамтамасыз ету, ЖК тіркеу туралы куәлік, салық қарыздары туралы анықтама, өртке қарсы қауіпсіздіктен өту сертификаты және т.б.

Барлық қажет құжаттарды жинап болған соң ашық тендерге қатысуға өтінім беріледі де, бір аптадан кейін тендер қорытындысы белгілі болады. Ержан Сағандықовтың жолы болып, ол 27 600 000 теңге сомадағы тендерді жеңіп алады.

«Сапалы әрі жедел жұмыс жасағаны үшін КҚО менеджер-консультантына алғысымды білдіремін. Бұл қате жібермеуге көмектесіп, көңіліме сенім ұялатты. Енді сауатты консультация мен көмек алу үшін қайда жүгіну қажет екенін біліп жүремін», - дейді жеке кәсіпкер.

Бизнесмендерге арналған сервистік қызметтердің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ұсынылатынын еске саламыз. Мемлекет кәсіпкердің заңгер, бухгалтер және басқа да мамандарға кететін шығындарын өз мойнына алады, сондықтан да бизнесті қолдау барынша пайдаланылуға тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер