«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Құрылыс мәселесі

2015 жылғы 12 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
12327 просмотров

Тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкен: қиын жағдайға қалмау үшін, мынаны біліп жүріңіз

Шағын бизнестің белсене түсуі тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын коммерциялық үй-жайға айналдыру қажеттілігін туындатты. Бірақ 2012 жылы ҚР Құрылыс істері және ТКШ агенттігі панельді үйлердің салмақ түсетін қабырғаларына ойық жасауға тыйым салатын бұйрық шығарды. Бизнес-қоғамдастық «Тұрғын үйлер» Құрылыс нормалары мен қағидаларына сыртқы қабырғаның терезе орнына кіретін есік жасау жолымен ірі панельді үйлерде қайта жоспарлауға жол беретін өзгерту енгізуді бастамалайды.

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық блогының сарапшылары бизнесмендер, құрылыс ұйымдары мен Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мамандарының кездесуін ұйымдастырды. Оның басты мақсаты аталмыш Құрылыс ережелеріне өзгертулер енгізу туралы ұсынысты дайындау бойынша мәміле іздеу болды.

Күтілгендей, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары өзгертулер енгізуге қарсы шықты. Олардың ойынша, ірі панельді үйлердің сыртқы қабырғаларындағы терезе орнына сыртқы кіретін орын орнату техникалық тұрғыдан мүмкін. Алайда мұндай шешім нормативтік және эксплуатациялық талаптарды бұзуға әкеледі. Атап айтқанда, сыртқы кіретін есікті орнатқан кезде, ережеге сай, пәтердің бұрыннан бар бөлмелерін қайта жоспарлау қажет болады, ішкі салмақ түсетін қабырғаларға есік ою қажет болады, ал пайдалану талаптары бұған жол бермейді. Ғимараттың адамдар тұратын бөлігіне жағымсыз әсер етуді төмендету мақсатында іс-шаралар кешені қажет болады: жылуға кететін шығынды үнемдеу мақсатында кіре-беріс есік алдына тамбурлық бөлме тұрғызу; үй-жайдың ішкі қайта жоспарлануы (бөлмелердің үнемі кәсіпкерлер көңілінен шыға бермейтінін ескере отырсақ). Қайта жоспарлау кәсіпкердің арнайы ұйымдармен келісуін және рұқсатын алуын қажет етеді (газдандыру және сумен жабдықтау жүйелерін өзгерту себебінен).

Сәулетшілер Орал қаласындағы тұрғын үй қорындағы панельді үйлерінің көпшілігі, 60-80 жылдары салынғандықтан, біраз уақыт пайдаланылғанын атайды. Осы типтегі тұрғын үйлерде сыртқы панельдер салмақ түсетін конструкциялар болып табылады.

Мамандар Құрылыс нормалары мен қағидаларына өзгеріс енгізудің тұрғын пәтерлерді жаппай коммерциялық нысандарға ауыстырып салуға ұласып кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Бірақ бұл құрылымдардың әртүрлі екенін, және де жеке техникалық сараптауды қажет ететіндігін ескеру қажет.

Қалалық сәулет басшысы Виталий Кушнердің ойынша, кезінде панельді үйлердің салмақ түсетін қабырғаларына ойықтар орнатуға салынған тыйым қоғамдық қатынастар ахуалына жағымды әсерін тигізген, себебі бұрын үй тұрғындары панельде дыбыс оқушаулануы әлсіздігінен, шуға жиі шағымданған екен.

Сәулет бөлімі мамандарының дәлелі кәсіпкерлердің ойын өзгертпеді. Олар терезе орнына кіретін есікті ойып орнатудың мүмкін екендігіне, ал қайта құруға тыйым салудың кәсіпкерлік қызметтеріне айтарлықтай кедергі келтіретініне сенімді.

Палата сарапшылары да өз ұстанымдарын жеткізді. Олар мәмілеге келуге болады деп санайды. Кездесуге қатысқан мамандар мен сарапшылар қайта жоспарлауға болады деген тұжырым жасады. Бірақ тек панельді көп пәтерлі үйдің жай-күйіне жеке сараптауды ескере отырып қана (үйдің физикалық күйі, жүргізілетін жөндеу жұмыстарының түрлері, сантехникалық тораптардың, жертөлелер, жіктер, қапсырмалар және т.б.).

Қазір Палата сарапшылары қолданыстағы заңнама мен Құрылыс нормалары мен қағидаларына сараптама жүгізіп жатыр. Және де ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсыныстар дайындауда. Барлық құрылыс компанияларының, жобалау ұйымдарының тұрғын үйді жобалау кезінде үйлердің бірінші қабаттарына тұрғын емес үй-жайды (коммерциялық нысандарды) орналастыру мүмкіндігін қарастырып алу сұралды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер