«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Есігімді қағып тұрған кім?

2015 жылғы 07 Тамыз
- Алматы қаласы
10893 просмотров

Тексерушілердің өзін тексеру кезінде Әуезов ауданының прокуратурасы биыл кәсіпкерлер құқығын қорғау саласында 100-ден астам бұзушылықты анықтады!

Әуезов ауданы прокурорының аға көмекшісі Болат Жұмағалиев Алматы Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесуде осылай деп хабарлады.

«Тексеріс нәтижелері бойынша оларды жою туралы бес ұсыныс енгізілді. Жазықты жеті лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кәсіпкерді тексеру кезінде бұзуға жол берген Мемлекеттік табыс басқармасының қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Болат Жұмағалиев.

Бизнестен келіп түскен шағымдардың көпшілігі прокуратураға Кәсіпкерлер палатасы арқылы түседі. Алматы кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен әрекеттестікті ұйымдастыру жөніндегі бөлім бастығы Күнтаев Бекежанның айтуынша, көптеген бизнесмендер тікелей прокуратураға жүгінуге именеді.

«Кәсіпкерлер түйткілдерімен бізге, Палатаға келеді. Біз олар мен мемлекеттік органдар арасындағы көпір тәріздіміз», - деп атады Күнтаев Бекежан.

Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың құжаттарын қабылдамаған кезі жиі болып тұратынына назаланады. Оған прокуратура өкілі тиімді тәсіл ұсынды.

«Егер мемлекеттік органдар құжаттарыңызды қабылдамайтын болса – оны поштамен жіберіңіздер. Сонда оны қабылдауға міндетті болады», - деп баса көсретті Болат Жұмағалиев.

Көбінесе бизнесмендер өздеріне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау немесе салық органы тексеріспен келгенде, не болмаса өз құқықтарын білмей жатады, не болмаса мұқият қарамай жатады.

«Көптеген кәсіпкерлер анықтамада не жазылғанына қарамайды. Ал тексерушінің кейбір бұзуларды көрсетпейтін тұстары да болып тұрады ғой, бірақ кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұмытпайды», - деп атады прокуратура өкілі. - «Егер анықтамада бұзу көрсетілмесе, ол үшін жауапқа тарта алмайды. Сонымен қатар тексеруші органдар танысқаныңыз туралы актіге қол қоюыңызды сұрауға тиіс», - деп баса айтты ол.

Кездесуде сонымен қатар алаяқтық тақырыбы қозғалды. Болат Жұмағалиев айтып өткендей, алаяқтар өздерін ТЖ, салық және басқа да тексеру органдарының қызметкерлері деп таныстырған  оқиғалар тіркелген.

«Алаяқтардың прокурорлық формамен әрі жалған куәліктермен тексеруге келген мысалдары да баршылық», - деді Болат Жұмағалиев.- «Өзара есеп-айырысуда сақ болыңыздар. Жалған кәсіпорындар да жеткілікті. Кейбірі алғашқы екі жылда дұрыс жұмыс жасайды да, кейін алаяқтық жасай бастайды. Сонда сіз де контрагент ретінде жауап беріп, автоматты түрде олардың салықтық қарызы сізге көшірілетін болады», - деп ескертті Болат Жұмағалиев.

Болат Жұмағалиев кездесу соңында кәсіпкерлерге «Мемлекеттік бақылау туралы» заңды мұқият зерттеп-білуге кеңес берді.

«Оқып шығыңыздар, ерінбеңіздер! Заңды білсеңіздер – сауатты түрде қорғануға дайын боласыздар. Ауданымыз бен Алматы Палатасының прокуратурасы да көмекке келуге қашан да дайын. Жүгініп тұрыңыздар!», - деп қорытты Болат Жұмағалиев.

Алматы қаласы Әуезов ауданы қаладағы шағын бизнес субъектілері саны жөнінен көш бастап тұр. Мұнда 40 мыңнан астам жеке кәсіпкер тіркелген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер