«Бизнесті қорғау сарайы»
2015 жылғы 7 маусымда Ақтау қаласында Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (КҚКО) салтанатты ашылуы өтті
Орталықтың ашылу рәсіміне «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ компаниясының жауапты тұлғалары, «Empereal» компаниясының басқарушы директоры Манож Дивакаран тұлғасындағы инвесторлар, банктер, өңірдегі даму институттары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың айтуынша, жаңадан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы өңірдегі шағын және орта бизнестің сапалық және сандық тұрғыдан өсуіне септесері сөзсіз, ал бұл өз кезегінде бүкіл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуынан жағымды көрініс береді.
Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов маңғыстаулықтарды Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуымен құттықтап, жаңадан ашылған КҚКО арқасында кәсіпкерлердің «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет алудың бірегей мүмкіндігін алатынын, және де бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпарат ала алатындарын атап өтті.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев және Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин салтанатты түрде рәсім таспасын қиды. Осыдан соң құрметті қонақтар Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаевпен бірге Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады.
Маңғыстаулық КҚКО үш қабатты ғимаратының жалпы алаңы 4000 шаршы метрді құрайды. Мұнда ортақ тіркеу орны (ресепшн), үлкен операциялық зал, оқытуға арналған екі конференц-зал, кең кабинеттер, ісін бастаушы кәсіпкерлерге арналған бизнес-инкубатор, асхана бар. Тіркеу орнының жанында терминал орнатылған, ол бойынша әрбір клиент өз кезегіне он-лайн тіркеуден өте алады. Маңғыстау КҚКО республикада ең үлкен орталық болып табылады.
Операциялық залда консультанттар бизнесмендерге заңгерлік мәселелер, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептер, сапа жүйелерін енгізу, кедендік процедуралар, маркетинг, менеджмент және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша тегін сервистік қызметтер көрсетеді.
«Каспий» Микрокредиттік ұйымы», банктер, Маңғыстау индустриялық палатасы, Ақтау Теңіз порты» АЭА АҚ жанындағы инвесторларға қызмет көрсету орталықтары және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сияқты қаржылық ұйымдар мен даму институттарының өкілдері де кәсіпкерлерге бизнес жүргізу мәселелері бойынша консультация беретін болады.
КҚКО-да мемлекеттік органдарды Халыққа қызмет көрсету орталығының менеджерлері, қалалық сәулет және құрылыс, жер қатынастары, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімдерінің мамандары, «НАЦЭКС» АҚ және басқа да мемлекеттік құрылымдар танытатын болады.
Ісін астаушы кәсіпкерлер үшін жалпы ауданы 90 шаршы метрді құрайтын «Коворкинг-орталық» көзделген. Бизнес оқыту 80 адам сиятын жабдықталған конференц-залда өткізіледі. Операциялық залда «Атамекен» ҰКП КҚКО және КҚО жұмыстары сипатталған стенділер орнатылған.
Бұл күні қонақтарға Палата жанындағы КҚКО қызметі таныстырылды. «SmartEX» компаниясының «Е-өңір – қаланы басқару» бағдарламасының презентациясы өтті. Аудандардағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының ғимараттары құрылысы, сондай-ақ Ақтауда Индустриялық аймақ құру жобалары таныстырылды. Кейбір бөліктері Кәсіпкерлер палатасының алаңында түсірілген «Бумеранг судьбы» экшн-фильмінің қысқа метражды ролигі көрсетілді.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов осындай республикада қайталанбайтын ірі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуы Маңғыстау облысы тұрғындары үшін үлкен мереке болып табылатынын атап өтті.
«Маңғыстау өңірінде енгізілген тәжірибені еліміздің басқа да облыстарында іске қосқымыз келеді. Бұл мәселе бойынша ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атына жүгініп, Үкіметтің әрбір облыс орталығында осыған ұқсас ірі орталық ашуға қолдау көрсетуін сұраймыз», - деді Абылай Мырзахметов.
Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы Орталықтың талап етілетіндігіне сенімді. Бизнесмендердің ақпараттық және консультативтік қолдау ғана емес, заңгерлік көмек алатынын да айта кету керек. Кез келген кәсіпкер рұқсат ету құжаттарын алу, бизнес субъектісін тіркеу және басқа да заңгерлік мәселелер бойынша КҚКО-дағы Палата өкіліне жүгіне алады.
«Орталық маңғыстаулық кәсіпкерлерге зор қолдау көрсетеді. Жұмыс «бір терезе» режимінде жүргізіледі. Форумдар, семинар-тренингтер, экономиканың түрлі салаларында бизнес жүргізу мәселелері бойынша іс-шаралар үнемі ұйымдастырылып тұрады. Бұл кәсіпкерлер үшін, және де, ең алдымен, өз уақыты мен басқа да ресурстарды үнемдей отырып сапалы консалтингтік қызмет ала алатын ауылдық бизнесмендер үшін жаңа мүмкіндіктер береді», - деді Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: