«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлікке баулу

2015 жылғы 27 Мамыр
- Маңғыстау облысы
15171 просмотров

Маңғыстау облысында іскер әйелдерге арналған тегін шеберлік сабақтары өткізілуде, деп хабарлайды newtimes.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Наталья Бутырина.

Ақтау қаласы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында әйелдерге арналған «Отбасылық старт-ап. Жеке табысты отбасылық бизнес ашыңыз» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.

Шеберлік сабағын «МаКонсалтинг» компаниясының директоры, сертификатталған бизнес-тренер, практик, маркетинг, сату, қызметкерлерді басқару саласындағы маман, «Стремительный маркетинг» кітабының авторы Марат Көпбергенов өткізді.

Тренингке ісін бастаушы кәсіпкерлер де, ауыл шаруашылық, қоғамдық тамақтану, сұлулық салондары саласында еңбек етуші бизнесвумендер, балабақшалар басшылары қатысты.

Тренинг барысында кәсіпкерлік психологиясы, нарықта жеке тауаша таңдау, сатуды басқару және клиент тарту қағидаттары, маркетинг, стартап және отбасылық бизнес идеяларын сынақтан өткізу сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.

Тренинг соңында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының консультанты «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру талаптары бойынша презентация өткізді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер