Мен country club мейрамханасында жалданбалы жұмыскермін. Мейрамхана Шымбұлақта орналасқан. Карантин енгізілген соң мейрамхана жабылды. Талғар ауданында жұмыссыз жатырмын. Көмек керек.
Сәлеметсіз бе! “Атамекен” ҰКП кәсіпкерлердің жеке жарнасы есебінен жұмыс істейді. Біз бизнестің мүддесін қорғау үшін құрылдық, бизнеске әсер ететін заңдарға құқықтық сараптама жүргіземіз.
Сізге жұмыс берушіге жүгіну керек. Егер жұмыс беруші жәрдемақыны алуға өтініш бермесе, өтінішті өзіңіз бере аласыз.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушы болып саналатын орта, шағын және микро бизнестің жұмыскерлеріне қарастырылған. Жұмыс беруші Жұмыспен қамтудың жергілікті органына “Электронды үкімет” веб-порталында “Электронды өтінім” беруі керек. Өтініштер негізінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау беру туралы шешім қабылдайды, ал “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлем жүргізетін жұмыскерлер тізімін қалыптастырады. (27.03-не өзекті ақпарат)
Біз туралы
Бизнесті қорғау
Бизнесті қолдау
- Қаражатсыз қолдау
- Іскер әйелдердің өңірлік кеңесі
- Адам капиталының дамуы
- Санитарлық дәрігердің қаулылары
- Сенімді серіктестіктің тізілімі (ІЭҚ)
- Өңірлік кәсіпкерлердің даму картасы
- Туризм
- Елді мекендердің бас жоспарлары