Шаруа қожалығы ерікті негізде жасақталады және жер телімін пайдалануға құқық алғаннан немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылған болып есептеледі. Шаруа қожалығын бірлескен кәсіпкерлік негізінде тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке шаруа қожалығы мүшелерінің тізімі қоса тіркеледі. Шаруа қожалығы жергілікті жердегі Салық мекемесінде тіркеледі.
Шаруа қожалығының басшысы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін құжаттар өткізеді: 1) тіркеу есебіне алу туралы өтініш; 2) жер телімін тұрақты пайдалану туралы меншік құқығына немесе уақытша пайдалану турады келісімшарт Актісі; 3) Шаруа қожалығы басшысының 3х4 суреті.
Ресей, Беларусия, Қырғызстан елдерінің азаматтарын Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат етілген ықтиярхат болған кезде ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге болады. Өзге елдердің азаматтарын ҚР аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мүмкін емес!
Жауапты таппадыңыз ба? Бізге cұрақты жіберңіз, біз оған нақты жауап береміз!
Получить консультацию можно позвонив в контакт-центр НПП РК «Атамекен» 1432