Сәлеметсізбе! Жалпылама жауап алатынымды білсемде жазаиын дедім. Мен Қызылорда облысы Арал қаласының тұрғынымын. Жақында жас бастаушы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында берілетін қаитарымсыз грант алуға құжат тапсырдым. Әрине еш нәтиже болмады. Мындағы осы грантқа қатысты құзырлы орындардан уақытылы еш қолдау немесе жауап ала алмаимыз. Грантқа қажетті құжаттар; бизнес жоспар, кәсіпкерлік патент алуға және облыс орталығына қатынауға біршама қаражатым кетті. Еш оң нәтиже болмады, өкінішке орай. Осы грант бөлу, жастарды қолдау жағы сіздер тарапынан дұрыс ұйымдастырылмаған. Маған бізде қалада жоқ кәсіпке қолдау беріледі деген соң өзім жақсы білетін гүл, көкөніс өсіру жағын оилап қысы-жазы жұмыс істеитін шағын жылыжаи ашқым келген. Әрине ондаи жылыжаи біздің қалада жоқ сондықтан өзіме сенімді болдым. Бірақ нәтижесінде наубаихана ашам деген адамға беріліпті. Қалада заңдысы бар заңсызы бар наубайханалардан көп нәрсе жоқ. Осы гранттың алдындағысын Ара өсірем деген адамға берілген, Арал қаласында ара өсіру деген мүлде болмаитын кәсіпқои. Мың жерден тырыссаңызда Арал қаласының табиғаты ара өсіруге өте қолайсыз. Осыдан кеиін қалаи сенуге болады сіздердің комиссия грантты әділ бөледі дегенге?
Кәсіпкерлерді қолдау
Біз туралы
Бизнесті қорғау
Салалық кеңесі
- Көлік және логистика салалық кеңесі
- Өңдеу өнеркәсібі және базалық салалар кеңесі
- Салалық денсаулық кеңесі
- Салалық білім кеңесі
- Сауда және туризм салалық кеңесі
- Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары салалар кеңесі
- Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі салалық кеңесі
- Агроөнеркәсіптік кешені салалық кеңесі
- Кеңес жаңалықтары
Бизнесті қолдау
- Қаражатсыз қолдау
- Іскер әйелдердің өңірлік кеңесі
- Адам капиталының дамуы
- Туризм
- Елді мекендердің бас жоспарлары
- Жобаларды сүйемелдеу