«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төлем жасалсын немесе тауар қайтарылсын!

2018 жылғы 04 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
8943 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысындадағы компания алматылық компаниядан мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде жеткізілетін тауардың төлемін талап етуде. Мұндағы мәселе үш миллионнан асатын қаржы жайында болып тұр. «KazTorgSnab Ltd» ЖШС «Спец Экспорт РК» ЖШС-не поливинилхлорид өңдейтін 20 білдек жеткізген болатын. Тапсырыс беруші компания тауарды алғанымен, төлем жасауға асығар емес.

Бұл мәселені шешуге көмек сұрап «KazTorgSnab Ltd» ЖШС-нің директоры Евгений Есмұханов СҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Мәселе Кәсіпкерлік құқықтарын  қорғау жөніндегі кеңестің қарауына шығарылды.

«Кәсіпкер ұсынған мәліметтер мен құжаттарға сүйенсек, биылғы жылдың 17 мамырында «goszakup.gov.kz» порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды іске асыру шеңберінде «KazTorgSnab Ltd» ЖШС «Спец Экспорт РК» ЖШС-мен тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасасқан, келісім шарттың талабы бойынша  «KazTorgSnab Ltd» ЖШС құны 3 018 601 теңге тұратын поливинилхлорид өңдейтін 20 білдекті жеткізіп беруді өз міндетіне алған. Қабылданған шарттық міндеттемелерді орындау барысында «KazTorgSnab Ltd» ЖШС аталмыш білдектерді «Спец Экспорт РК» ЖШС-не Алматы қаласына жеткізіп берген. Тауардың жеткізілгендігін және тапсырылғандығын растайтын тауарларды бір жаққа жіберу туралы жүкқұжат ұсынылған, ондағы «қорды қабылдап алдым» деген  бағанда «Спец Экспорт РК» ЖШС-нің мөрі мен компания басшысы Тайыров Т.Г. мырзаның қолы қойылған. Әрі қарай жеткізуші мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы тапсырыс берушіге қабылдау-тапсыру актісін жіберген, алайда тапсырыс беруші көрсетілген мерзімде актіге қол қоймаған», – деп хабардар етті  Кеңес мүшелерін СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ольга Достлер.

Әрине, «KazTorgSnab Ltd» ЖШС-нің өкілдері тапсырыс берушінің құжаттарға қол қоймау себебін анықтауға тырысты. Бұған «Спец Экспорт РК» ЖШС-нің директоры Алматы қаласы Медеу ауданының Ішкі істер басқармасы оған қатысты қылмыстық іс қозғағандығын, соның салдарынан компанияның кеңсесі мен қоймасына сүргі салынды деген жауап берді.

6 маусымда «KazTorgSnab Ltd» ЖШС Алматы қаласының Медеу ауданының Ішкі істер басқармасынан осы ақпаратты растауды сұрап жүгінді, бірақ құқық қорғау органы әлі күнге дейін жауап берген жоқ.

«Жалпы мынадай жағдай туындайды. Шын мәнінде тауарларды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша тауар толығымен «Спец Экспорт РК» ЖШС-не жеткізілген, дегенмен аталмыш келісім шарттың шарты бойынша тауар тапсырыс берушінің меншігіне тараптар қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін ғана өтеді. Бұл актіге қол қойылмаған. Яғни тауар шын мәнінде жеткізілді және тапсырыс берушінің, яғни «Спец Экспорт РК» ЖШС-нің иелігінде тұр, және тапсырыс берушінің қабылдау-тапсыру туралы актіге қол қою мүмкіндігі болмағандықтан бүгінгі күні тауардың заңды иесі жеткізуші, яғни «KazTorgSnab Ltd» ЖШС болып табылады. «Спец Экспорт РК» ЖШС-не қатысты қозғалған қылмыстық істің кесірінен  «KazTorgSnab Ltd» ЖШС келісім шарт бойынша өз міндетін толығымен орындағандығына қарамастан не келісімшарт шарты бойынша жеткізіп берген тауардың төлемін ала алмай отыр, не меншік иесі ретінде тауарды иелене алмай отыр», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ольга Достлер.

Сонымен қатар, ол ашық көздерден «Спец Экспорт РК» ЖШС компаниясы нарықта 2018 жылдың сәуір айында ғана пайда болғандығы және ең төмен жарғылық капиталмен құрылғандығы, ал 21 сәуірде goszakup.gov.kz порталында тіркелгендігі анықталғандығын айтып өтті. Және де компания миллиардтаған сомаға сатып алуларды жариялап, тендерлерді ұтқан компаниялардан миллиондаған соманы құрайтын алдын-ала төлемдерді алып үлгерген. Осылайша, алаяқтық белгілері бар іс-шаралардың нәтижесінде, бұл компания мемлекеттік сатып алулар туралы заңды бұзып (заңда мемлекеттің жарғылық капитал үлесі 50%-дан асатын компаниялар ғана тапсырыс беруші бола алады делінген), мемлекеттік сатып алуларға қатысып, «KazTorgSnab Ltd» ЖШС-мен шарт жасасқан, әрі қарай олардың мүлкін заңсыз иелеген.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратынан Палата сарапшылары келесі ақпаратты анықтады. «... Қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай факт бірінші рет тіркелген, серіктестік қазірдің өзінде блокталған, бірақ оның әрекеттерiнен келтiрiлген зиянды құқық қорғау органдарына әлі де анықтау керек. Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар жүйесіне жетекшілік ететін «Центр Электронной коммерции» ЖШС-нің берген жауабына сілтеме жасай отырып, «Спец Экспорт РК» компаниясы блокталғандығын, ал оның тапсырыс беруші және ұйымдастырушы ретіндегі рөлі жоққа шығарылғандығын мәлімдеді.

«KazTorgSnab Ltd» ЖШС Алматы қаласы Медеу ауданының Ішкі істер басқармасынан өз сұрауларына жауап ала алмаған соң, «Спец Экспорт РК» ЖШС-нің үстінен Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасына шағым түсірді. Алайда, жергілікті құқық қорғау органы қылмыс құрамының және қылмыстық қылықтың болмауына байланысты материалды сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізіліміне тіркемеген.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасымен өзара әрекеті аясында «СпецЭкспорт РК» ЖШС-нің басшысына қатысты шынымен де сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы және олардың мүліктері мен қоймалары қамаққа алынғандығы жөнінде ақпарат алынған.

Кездесу барысында, Кеңес бұл мәселеге жергілікті прокуратураны тарту туралы шешім қабылдады, прокуратура өз кезегінде материалдарды аумақтылық бойынша Алматы қаласы Медеу ауданының Ішкі істер басқармасына «Спец Экспорт РК» ЖШС-нің алаяқтық істері ретінде қылмыстық іске қосу үшін жіберген. СҚО Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені бақылауға алды.


Ұқсас жаңалықтар:

Петропавлда кәсіпкерлер құқығы тапталған
4 Қазан
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Жұмысы істелді, ал төлемі жоқ
29 Тамыз
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Бұзуға болмайды
25 Тамыз
2018
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер