«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер құқығы қорғалды

2016 жылғы 14 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
5867 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының арқасында жеке кәсіпкер салған дәмхана сүрілмейтін болды

1999 жылы Ақтау қаласының тұрғыны Виктор Долгополов жекеменшікке жер сатып алып, 2016 жылы ол жерге дәмхана-бар салады. Бірақ кәсіпкер құрылыс бастағаны жөнінде Маңғыстау облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын дер кезінде хабардар етпейді, соның салдарынан әкімшілік жазаға тартылады. Ақтау қаласының арнайы әкімшілік соты «Долгополов В.В» жеке кәсіпкерлігін ҚР Әкімшілік кодексінің 463 бабының 1 тармағы мен 319 бабы бойынша кінәлі деп тауып, кәсіпкерге 25 және 30 АЕК көлемінде айыппұл салып, кәсіпкер оны бірден төлейді. Соттың алғашқы қаулысында ғимаратты сүріп тастау қарастырылмаған еді. Алайда, «Ақтау қалалық сәулет пен қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі су жаңа дәмхана-бар рұқсатсыз салынғандықтан, сотқа осындай шағым түсіреді.

«Менің қателігім бизнесіме қауіп төндірді, ал мен бұл істі ашу үшін қомақты қаржы жұмсадым, сондықтан соңғы үмітім Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасында болды. Палата басшылығы менің өтінішімді жедел қарап, Ақтау қаласы әкімдігімен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде әкімшілік сотқа түсірген шағымын қайтарып алды», – дейді Виктор Долгополов.

Кәсіпкерлер палатасы мұнымен шектеліп қалмай, рұқсат құжаттарын рәсімдеуге құқықтық көмек көрсетті, істі тиянақтап, ақырына дейін жеткізді – ғимараттың сәулет-жобалау нұсқаулығы кәсіпкердің қолына тиді.

Виктор Долгополов Маңғыстау өңірлік кәсіпкерлер палатасына өз бизнесін арашалап қалғаны үшін алғыс білдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер