«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтауда газға қосылу оңай болмай тұр

2016 жылғы 13 Мамыр
- Маңғыстау облысы
6686 просмотров

Газ тарату компаниясы желіге қосылуға рұқсат бере отырып, кәсіпкерден газ құбырын ауыстыруды талап еткен

Кәсіпкерлер палатасына «Жайлау» ЖШС директоры Амантай Нәбиев «КазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының талабы заңсыз деп шағымданды. Олар газ тарату желісіне Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында орналасқан ЖШС-ның әкімшілік корпусы мен наубайхананы газ тарату желісіне қосу үшін техникалық шарттарды бекітудің орнына ұзындығы 400 метр болатын диаметрі 57 мм газ құбырын диаметрі 108 мм құбырға ауыстырып беруді талап еткен.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының заңгері Асхат Байболатов: «Мәселе мынада – талап етіп отырған газ құбырының орны наубайханадан және әкімшілік корпустан 2 және 1 шақырым қашықтықта жатқандықтан, нысандарды газ тарату желісіне қосудың еш қажеті жоқ. Яғни, «КазТрансГазАймақ» заңсыз талап қойып отыр», – деп сипаттама берді. 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер мен газ таратушы ұйымның ісіне араласқаннан кейін, заңсыз қойылып отырған талап өз күшін жойды.

Кәсіпкер Амантай Нәбиев «Жайлау» ЖШС атынан Өңірлік кәсіпкерлер палатасына дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер