Тау-кен және металлургия кешені департаменті
Тау-кен және металлургия кешені департаменті (бұдан әрі қарай – Департамент) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі.
Департамент барлық кәсіпкерлік субъект, заңды тұлғалар бірлестіктері, ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдармен Департамент жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жүргізеді.
Департменттің негізгі міндеттері:
- заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және сараптауға қатысу;
- тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүддесін қорғау,
- тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы түйінді мәселелерді шешу бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) ортақ пікірін (ұстанымдарын) пысықтау;
- кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу.