astana-view

Департаменттер

Бизнесті реттеу департаменті

Ақынбекова Динара Нұрғалиқызы

Басқарушы директор - департамент директоры

Департаменттің негізгі функционалдық міндеттері:
1.    Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау бойынша ҰКП қызметіне қатысу;

2.    Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;

3.    Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруға қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға жәрдемдесу;

4.    Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҰКП-ның ішкі құжаттарында көзделген өзге де міндеттер. 

Департамент қызметінің негізгі бағыттары: 
•    Кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерінің тізілімін жүргізу;

•    Бизнестің өңірлік проблемаларын шешу бойынша жұмысты бақылау және жүргізу;

•    Нормативтік құқықтық актілердің реттеушілік әсеріне талдауды енгізу;

•    Кәсіпкерлік саласында жаңа реттеу саясатын енгізу;

•    Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру;

•    Қазақстанның рұқсат беру жүйесін талдау;

•    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына талдауды жүзеге асыру;

•    Бизнес-әріптестердің тізілімін енгізу бойынша жұмысты үйлестіру;

•    Заңнамалық актілерге және заң актілерінің жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жекелеген салалардағы әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

•    Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу;

•    Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

•    ҰКП құрылымдық бөлімшелері мен аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды), өзін-өзі реттейтін ұйымдарды өзін-өзі реттеуді дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелі ортаға беру мәселелері бойынша үйлестіру;

•    Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу арқылы Қазақстан Республикасының халықаралық рейтингтердегі орнын жақсарту және үйлестіру;

•    Орталық мемлекеттік органдардың жанында кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша құрылатын консультативтік-кеңесші органдардың, жұмыс топтарының және сарапшылар кеңестерінің жұмысына қатысу;

•    Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің жұмысын ұйымдастыру, ұлттық корпоративтік басқару және тұрақты даму стандарттарын әзірлеу және енгізу;

•    «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін және «Сыбайлас жемқорлық бойынша арнайы шолу» социологиялық зерттеулерін жүргізу. 
 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер