Өңдеу өнеркәсібі департаменті
Өңдеу өнеркәсібі департаменті ҰКП құрылымдық бөлімі болып табылады және Басқарма Төрағасының орынбасарына бағынады.
Департамент барлық мемлекеттік органдармен және ҰКП-ның өңдеу өнеркәсібі мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімдерімен байланыс жасайды. Олар: машина құрастыру, химия, жеңіл, ағаш өңдеу, қаптама және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі.
Өңдеу өнеркәсібі департаментінің негізгі міндеттері:
1) өңдеу өнеркәсібі мәселелерін шешу мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің және қауымдастықтардың (одақ) ортақ пікірлерін (ұстанымдарын) қалыптастыру;
2) өңдеу өнеркәсібі субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жұмысы бойынша ҰКП жұмыстарына атсалысу;
3) өңдеу мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдардың және қауымдастықтардың (одақтар), кәсіпкерлік субъектілерінің арасында өзара тиімді жұмыстар ұйымдастыруға атсалысу;
4) өңдеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға, оларға экономикалық және әлеуметтік, құқықтық жағдайлар жасауға ықпал ету;
5) халықаралық нарықта және ықпалдастық бірлестіктері аясында қайта өңдеу өнеркәсібі саласының бәсеге қабілеттілік деңгейін арттыруға ықпал ету.