The national chamber of entrepreneurs of the Republic of Kazakhstan "Atameken"
The time for business has come

EN
KZ RU

Atameken Business

Business calendar

05.01.2016 - Сервистік қолдау

Хабарландыру

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен  қолдаудың бірыңғай бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары» төртінші бағыты бойынша шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерге сервистік қолдау жұмысы жалғасуда.

Қызметтер мына түрлер бойынша көрсетіледі:

-Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;

- Кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер;

- Менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі барлық  процессті толық сүйемелдеу және консультация беру;

- Заңгерлік қызметтер көрсету;

- Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;

- Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар;

-Мемлекеттік сатып алуға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына байланысты көрсетілетін қызметтер;

- Менеджмент мәселелері жөніндегі қызметтер.

Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.

Қызметтерді алу үшін Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының (Ақтау қ., 35 ш/аудан, Кәсіпкерлер палатасының ғимараты (Оралмандар орталығының жанында), 1 қабат) Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (ҚҚКО), сондай-ақ Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық орталықтарындағы және Жанаозен қаласындағы филиалдарының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына жүгіну қажет.

Толығырақ ақпаратты ҚҚКо телефон бойынша алуға болады: 8 (7292) 30 40 40, және 30 46 36.

Partners