«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жас кәсіпкер әмбебап базар ашты

2019 жылғы 18 Наурыз
- Маңғыстау облысы
3273 просмотров

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылында орталық базар ашылды

Сауданы заманауи форматқа көшіру мақсатында базардың 72 жабық және 72 ашық сауда орны, қоймалары мен автобекеті бар. Сатушылар мен тұтынушылар үшін заман талабына сай барлық жағдай жасалған. Су мен электр жарығы тартылып, коммуникациялық жүйе толық іске қосылған. Орталық базарда отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесін әр жұмада өткізу жоспарланып отыр.

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Бейімбет Сүлейменовтың айтуынша, елді мекенде үлкен сауда орындарынының бірі болады деген сенім бар. Аудандағы тауар өндірушілердің тауарлары төмен бағамен жәрмеңкеде сатылады. Сондай-ақ, Өзбекстандық делегацияның тауарлары да осында саудаға шығарылады.  

  Тамақ өнімдерінен бөлек киім-кешек, ыдыс-аяқ та саудаланатын болды. Сондай-ақ,  шаштараз, телефон жөндеу т.б. қызметтер де ауыл тұрғындарына көрсетіледі. Осыншама алып нысанның иесі маңғыстаулық жас кәсіпкер – Ерболат Айтжанов. Сенімгерлік басқару МО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының еншісінде.

Нұрбек Қарасаев, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры:

«Бұл базар жергілікті әкімдіктен кәсіпкерлер палатасынан тапсырылды. Мақсат- тауарлардың төмен бағамен саудаға шығуына барынша жағдай жасау. Халықтың сапалы әрі арзан өнімге қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу. Жылыжайда өсірілетін көкөністерді делдалсыз, тікелей осында сатуға ұсыныс жасап отырмыз. Орталық базарда кәсібін бастауға азаматтардан біраз өтініштер бар».

Биылғы жастар жылында маңғыстаулық жас кәсіпкерлердің ісін өркендетуге оңтайлы жағдай жасалған. Өзбекстаннан келе жатқан біршама азық-түлік жуық арада осы базарда саудаға шығарылмақ. Сөйтіп халықаралық ынтымақтастық келісімі де жүзеге асатын болады. Өнім мол болса, бәсекелестік артып, баға саясаты да тұрақтанып, тұтынушыларға таңдау жасау мүмкіндігі көбейеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер