astana-view

Әлеуметтік мәселелер тізілімі

Аудан Мәселенің сипаттамасы Шешімдер Ұйымдастыру байланыстары
25.10.2017 358 Атырауская область
Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы
Тұщықұдық ауылындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепке жапсарлас 350 орындық құрылыс салу қажеттіг бар. Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің сиымдылығы -640, қазіргі таңда 870 оқушы оқиды, одан басқа мектеп алды даярлық және шағын топтарда оқитындар саны 122. Мектеп ғимараты оқушыларды халықаралық стандарттарға сай, апробация жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты 8 сыныпқа өсіруді және олар үшін қосымша музыка, информатика, бейнелеу өнері, орыс тілі және шет тілдеріне арналған кабинеттермен қамтамасыз етілуі керек. Ол үшін жапсарлас құрылыс салу қажет. Аталған мәселені шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87012959016 Қолдану
25.10.2017 357 Атырауская область
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Томан елді-мекені
Томан (17 разъезд) елді мекенінен 80 орындық балабақша құрылысын салу керек Томан елді мекенінде 500 үстінде отбасы тұрады. Тұрғындар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін балабақша салуды сұрайды. Жеке секторда тұрғын үйлер салу өсуде. Елді мекен арқылы теміржол, республикалық маңыздағы автомобиль жолы өтеді. Аталған мәселені шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87755967100 Қолдану
25.10.2017 356 Атырауская область
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Томан елді-мекені
Томан елді-мекеніне кіре беріс жол салу керек Томан (№17 бекет) облыс орталығынан 29 км қашықтықта орналасқан. Елді-мекенде 500 үстінде отбасы тұрады. Бұл елді мекен ауданда кіре-беріс жолы күрделі жөндеуден өтпеген 2 елді-мекеннің бірі. Күз-Көктемнің жауынды шашынды күндері елді мекен тұрғындары ауылдан шығу мүмкіндіктері қиындайды. Құрылыстың ЖСҚ-ы дайын 87755967100 Қолдану
25.10.2017 355 Атырауская область
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылы
Ақыстау ауылынан дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия құрылысын салу керек Ауданда дарынды балаларға арналған мектеп жоқ. Жыл сайын 5-6 сыныптардың ондаған оқушылары дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияларға, лицейлерге оқуға кетуге мәжбүр болады. Аталған мәселені шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87755967100 Қолдану
25.10.2017 354 Атырауская область
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылы
Аудан орталығы Аққыстау ауылынан өнер мектебінің құрылысын салу керек Аудан орталығында оқушылар мен жасөспірімдерді қосымша біліммен қамту, оларды шығармашылық жұмыстарға тарту, таланттыларды қолдау, бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында Өнер мектебі құрылысын салу қажеттілігі туындап отыр. Бұл жоба еліміздің көптеген жерлерінде іске асырылып, тиімділігін, өміршеңдігін көрсетуде. Аталған мәселені шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87755967100 Қолдану
25.10.2017 353 Атырауская область
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылы
Аққыстау ауылынан 624 орындық мектепті күрделі жөндеуден өткізу қажеттігі бар Аққыстау орта мектебінде оқушылар саны артуына байланысты үш ауысымда оқыту қаупі туындауда. Сиымдылығы 784, қазіргі оқитын бала саны 1105-тен асты. Мектепке дейінгі МАД сыныбының өзі 5 сынып комплектісін құрайды. Орын тапшылығынан мектепке дейінгі шағын орталық жабылып қалған. Жаңартылған білім беру мазмұнында оқу үрдісін жүргізу үшін мектеп салу қажет. Аталған мәселені шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87755967100 Қолдану
25.10.2017 352 Атырауская область
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылы
Аққыстау ауылынан 160 орындық дене шынықтыру спорт кешені керек Аққыстау ауылында бұрын демеушілікпен салынған дене шынықтыру-спорт кешенінде жазғы ыстық пен қыстың аязында жұмыс жасауға қиын (жабындысы жұқа материалдан). Халықтың, әсіресе жастардың спортқа қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында типтік үлгідегі дене шынықтыру - спорт кешені керек. ЖСҚ дайындалып қорытынды беру үшін мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. 87755967100 Қолдану
25.10.2017 351 Атырауская область
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Өркен елді-мекені
Өркен елді мекенінде 290 орындық балабақша керек Өркен елді мекені аудан орталығының бас жоспарына сәйкес өсетіндіктен балабақша салу үшін ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, дайын тұр. Елді мекеннен 60 пәтерлік 2 үй мен 10 үйлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Елді мекенде 2010 жылы орта мектеп салынып пайдалануға берілді. 87755967100 Қолдану
25.10.2017 350 Атырауская область
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Өркен елді-мекені
Өркен елді мекенінде фельдшерлік пункт керек Өркен елді мекені жылдан жылға өсіп, аудан орталығының Бас жоспарына сәйкес өсім бағытталғандықтан фельдшерлік пункт салу қажеттігі туындады. ЖСҚ дайын. 87755967100 Қолдану
25.10.2017 349 Атырауская область
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылы
Аудан орталығы Аққыстау ауылына кәсіптік лицей керек Исатай ауданы кәсіптік лицейі жоқ облыстағы бірден-бір аудан. Аудан мектептерінен жылына орта есеппен 300 бала кәсіптік мамандықтар алу үшін Атырау қаласына колледждерге кетеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы 320 балалық 100 орындық жатақханасымен кәсіптік лицей құрылысын салу жоспарланғанмен, қаржы бөлу мәселесі шешілмей келеді. Лицей құрылысына жер телімі бөлінген. 2016 ж желтоқсан айында ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 87755967100 Қолдану

Еншілес ұйымдар

Серіктестер