astana-view

Әлеуметтік мәселелер тізілімі

Аудан Мәселенің сипаттамасы Шешімдер Ұйымдастыру байланыстары
25.10.2017 368 Атырауская область
Исатай ауданы, Исатай ауылдық округі, Исатай ауылы
Исатай ауылынан 100 орындық типтік балабақша құрылысын салу Исатай ауылындағы "Балбөбек" бөбекжай балабақшасында 84 бала тәрбиеленуде. Алайда, мектепте орналасқан шағын орталық пен мектепке дейінгі даярлықта ойын бөлмесі, ішкі әжетханалармен қамтылмаған. Халық саны 1545. Балабақша теміржол мекемесі арқылы 1970 жылы салынғандықтан қазіргі стандартқа сәйкеспейді. ЖСҚ жасақтадуда. 87027539254 Қолдану
25.10.2017 367 Атырауская область
Исатай ауданы, Нарын ауылдық округі, Нарын ауылы
Нарын ауылынан фельдшерлік пункт құрылысын салу үшін ЖСҚ дайындау Қазіргі фельдшерлік пункт Нарын ауылы теміржолшыларының екі қатарлы тұрғын үйінің бір пәтеріне орналасқан. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуде қиындықтар туғызуда. Сондықтан фельдшерлік пункт салу қажет. Бұл мәселе облыстық денсаулық сақтау басқармасына қойылған. 87782638081 Қолдану
25.10.2017 366 Атырауская область
Исатай ауданы, Нарын ауылдық округі, Нарын ауылы
Нарын ауылына 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу үшін ЖСҚ дайындау Нарын ауылында қазіргі клуб ғимараты 2003 жылы құрылысы аяқталмаған моншаны демеушілік жолымен бейімдеу арқылы салынған. 2 бөлмелі, залы 40 орындық. Нарын ауылының халқы 1288 адамды құрайды. Қолжетімді және сапалы мәдени қызмет көрсету, көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастырудың орын таршылықтан мүмкіндігі шектеулі болып отыр. 87782638081 Қолдану
25.10.2017 365 Атырауская область
Исатай ауданы, Нарын ауылдық округі, Нарын ауылы
Нарын ауылынан 80 орындық типтік балабақша құрылысын салу Қазіргі кезде Нарын ауылындағы 50 орындық балабақша бейімделген ғимаратта орналасқан, санитарлық талапқа сай емес. Одан басқа шағын орталықта 17 бала, мектепалды даярлықта 20 бала тәрбиеленуде. Кезекте 20 бала бар. Ауылдық округтің тұрғындар саны - 1288. Аталған мәселені шешу үшін жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87782638081 Қолдану
25.10.2017 364 Атырауская область
Исатай ауданы, Нарын ауылдық округі, Нарын ауылы
Нарын ауылына кірме жолды күрделі жөндеу керек (12 км) Нарын ауылында 1288 тұрғын тұрады. Республикалық негіздегі Атырау-Астрахань тас жолына дейінгі ұзындығы 12,0 км кірме жол 1990 жылдарда салынып одан бері күрделі жөндеуден өтпей тозығы жеткен. Тұрғындар Атырау-Астрахань тас жолына дейінгі 12 км жолды қара жолмен жүруге мәжбүр. Күз-Көктемнің жауынды күндері тұрғындардың ауылға кіріп шығу мүмкіндігі қиындайды. ЖСҚ дайындалуда. 87782638081 Қолдану
25.10.2017 363 Атырауская область
Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Х.Ерғалиев ауылы
Х.Ерғалиев ауылындағы Новобогат балалар саз мектебі күрделі жөндеуден өткізу Новобогат балалар саз мектебі 1995 жылдан бері жұмыс жасап, жас таланттарды тәрбиелеп келеді. Бұрынғы ғимараты 1966 жылы салынған, қазір авариялық жағдайда (қорытындысы алынған), 2016 жылы тұрғын үй сатып алынып, бейімделіп берілген болатын. Алайда, 100 орындық талапқа сай ғимарат қажет болуда. Аталған мәселені шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87012602283 Қолдану
25.10.2017 362 Атырауская область
Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Х.Ерғалиев ауылы
Х.Ерғалиев ауылынан 160 орындық сауықтыру жазғы лагері құрылысын салу қажеттігі бар Аудан аумағында оқушыларды сауықтыруға арналған типтік үлгідегі жазғы лагерь болмауына байланысты қолжетімдікті қамтамасыз етуде, туған жердің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, демалысты ұйымдастыруда қиындықтар туындауда. Арнай лагерь болмағандықтан мектеп жанындағы лагерьлер ыңғайластырылып жасақталады. Ауданда аз қамтылған отбасыларында 507 бала, 18 жетім бала, 234 жартылай жетім бала бар. Сондықтан, оқушылардың лагері құрылысын салудың уақыты жетті. Жер телімі бөлінді. Аталған мәселені шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87012602283 Қолдану
25.10.2017 361 Атырауская область
Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Х.Ерғалиев ауылы
Х.Ерғалиев ауылындағы Новобогат мәдениет үйінің құрылысын салу (жаңа) Х.Ерғалиев ауылына типтік үлгідегі 200 орындық жаңа ғимарат қажет. Бұрынғы мәдениет үйі авариялық жағдайда болғандықтан оны қайта жаңғырту жасау арқылы әлеуметтік мекемелерді орналастыру үшін пайдалану қарастырылған. ЖСҚ байламы сараптамаға ұсынылған. 87012602283 Қолдану
25.10.2017 360 Атырауская область
Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы
Тұщықұдық ауылының Разведка бөлігіне 80 орындық балабақша құрылысын салу қажеттігі бар Тұщықұдық ауылдық округі 5 мыңнан астам тұрғыны бар аудандағы ірі округ. Оның теміржолдың бір жақ бетінде орналасқан Разведка бөлігінде 700 ден астам тұрғыны бар. Теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер жолы да жоқ, балабақша кезегінде 159 бала тұр. Тұрғындардың сұранысы бойынша, жалпы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтуды жүзеге асыру мақсатында ауылдың Разведка бөлігінен 80 орындық балабақша құрылысын салу қажеттілігі туындап отыр. Аталған мәселені шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87012959016 Қолдану
25.10.2017 359 Атырауская область
Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы
Тұщықұдық ауылынан дене шынықтыру-спорт кешені құрылысын салу қажеттігі бар. Тұщықұдық ауылдық округі 5 мыңнан астам тұрғыны бар аудандағы ірі округ. Ауылда спорт мектебінің филиалында қазақ күресі, ДЗЮДО, бокс, футбол, баскетбол секциялары бойынша 250 жасөспірім тәрбиеленеді. Ауылда 2 мектеп бар. Жастардың спортқа қолжетімдігі төмен. Аталған мәселені шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөліну керек. 87012959016 Қолдану

Еншілес ұйымдар

Серіктестер