«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО-да сауда субъектілерін қолдау шаралары бойынша Ережеге өзгерістер енгізу ұсынылды

2024 жылғы 04 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
579 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасының Сауда және қызмет көрсету Кеңесінің отырысында кәсіпкерлердің кредиттік мөлшерлемені субсидиялау және кепілдіктер беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысуы талқыланды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ШҚО бойынша өңірлік филиалының директоры Медет Ерболұлы «Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережелері» 1- редакцияда жарыққа шығып, бағдарлама алғаш рет іске қосылып жатқанын тілге тиек етті. Сол себепті, түзетулер енгізуге мүмкіндік барын атап өтті.

ШҚО Сауда кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Владимир Бердниктің айтуынша, ережелерде сауда алаңының 20%-ы отандық өндірушілердің тауарына бөлінуі керек.

«Дүкенде ассортимент атауы 20% болса, дұрысырақ болар еді. Кәсіпкерлер бұл тармақты орындауда, тіпті кейде жергілікті тауарлардың пайызы әлдеқайда жоғары», - деп атап өтті Владимир Владимирович.

Бұдан бөлек, сауда объектілерін сатып алу мүмкіндігіне өзгерістер енгізуді ұсынды.

«Егер кәсіпкер дүкенді жалға алса, онда оны субсидиялау бағдарламасы арқылы сатып ала алады», - деді Владимир Бердник.

Медет Ерболұлының айтуынша, қаржыландыру әлі бөлінген жоқ, бірақ бюджеттік түзетулерді уақытында енгізу үшін өтінімдер беруге болады.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев айтқандай, кәсіпкерлер қазір банкке өтінім беруі керек. Банктің оң қорытындысын үш ай ішінде пайдалануға болады. Яғни, несие шартына бірден қол қойып, бағдарлама бойынша қаржыландыруды күтуге болады.

«Сонда бюджет дұрыс жоспарланады. Өтінімдер болмағандықтан, Министрлік кәсіпкерлерге өз қаражаты жеткілікті екен деген ой болады», - деді Қайрат Нұржанұлы.

Отырысқа онлайн қатысқан «Атамекен» ҰКП Сауда департаментінің директоры Әсет Айтбаев қауымдастықтың бастамаларын қолдап, бағдарлама қаражаты есебінен мүлікті меншікке сатып алу туралы тәуекелдер бар екенін айтты.

«Кәсіпкерлер несиелік жеңілдікті алады, бірақ бір жылдан кейін өз ойларын өзгертеді. Сондықтан нақты міндеттемелер болуы тиіс», - деді Әсет Айтбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша бағдарламаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды ҚР Сауда және интеграция министрлігіне жіберу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер