«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан: Жекеменшік мектептер мен балабақшалар жер учаскелерінің нысаналық мақсатын заңға сәйкестендіруі тиіс

2024 жылғы 16 Шілде
- Түркістан облысы
2884 просмотров

Құрылтайшылар жекеменшік мектептер мен балабақшалардың нысаналы мақсатын коммерциялық мақсатқа өзгертуі керек. Бұл мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен білім беруді және медицинаны дамыту комитетінің отырысында көтерілді.

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 1097 жекеменшік балабақша қызмет көрсетуде. Оның ішінде 12350 бала тәрбиеленіп отырған 150 жекеменшік балабақшаның  орналасқан жер учаскелерінің нысаналық мақсаты ҚР Жер кодексінің 65-бабына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Мұндай жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес айыппұлдар қарастырылған.

Жиын барысында кәсіпкерлер үшін құзырлы органдар тарапынан құжаттарды рәсімдеуге жыл соңына дейін уақыт беру өтініш жасалды. Кәсіпкерлер палатасы жанындағы білімді дамыту комитетінің төрайымы Шолпан Бегалиева кәсіпкерлер заң талаптарын орындауға дайын екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, жиында балалардың мектепке дейінгі жекеменшік балабақшаларда болу уақытын 9 сағаттан 10,5 сағатқа қалпына келтіру мәселесі талқынады. Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекованың сөзінше, бұл мәселе 2025 жылы шешімін табады деп жоспарланып отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

ЕАЭК: кедергісіз интеграция
24 Тамыз
2024
Алматы қаласы
24 Тамыз
2024
Алматы қаласы
Түркістан: Өңірлік көшпелі семинар өтті
23 Тамыз
2024
Түркістан облысы
23 Тамыз
2024
Қостанай облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер