«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қолайсыз климаттық жағдайда дақылдардан қалай жақсы өнім алуға болады

2024 жылғы 19 Сәуір
- Ұлытау облысы
2241 просмотров

АӨК жөніндегі салалық кеңестің кезекті отырысы Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасында өтті. Жиын Палата директорының орынбасары Данияр Қалымов, салалық даму және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің жетекші маманы Қамшат Күнеділова, фермерлер мен диқандардың қатысуымен өтті.

Жиын өткізуге шаруалардың қиын климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге қатысты мәселелері себеп болды. Жергілікті мамандар өңірдегі топырақ негізінен құмды, климаты құрғақ екенін жақсы біледі. Жауын-шашын егін вегетациясы кезінде сирек түседі, жазда температура 30 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай жағдайда егін өсіру оңай емес.

Диқандарға көмек көрсету үшін «Ауыл шаруашылығы технологияларын трансфер және коммерцияландыру орталығы» ЖШС Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» директорының орынбасары Бауыржан Қалибаев шақырылды.

Дәріс барысында өнімділікті арттыру үшін топырақты тыңайту принциптері мен механизмдері түсіндірілді.

Сондай-ақ, салалық кеңестің қатысушылары сарапшылармен аграрлық және ауылшаруашылық секторларының өзекті мәселелері және көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты талқылады.




Еншілес ұйымдар

Серіктестер