«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі инвесторлар іздейді

2017 жылғы 18 Қазан
5472 просмотров

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру үшін  министрлікке инвестор керек

«Бүгінде қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын қаржыландыруда айтарлықтай жүйелі тәсілдің жоқтығы осы саланы дамыту мен жетілдіруге кедергі келтіріп отыр. Елімізде бизнесті қолдау құралдары қорғаныс-өнеркәсіп кешеі кәсіпорындарын дамытуды толықтай қамти алмайды», - деп есептейді министрлік.

Қорғаныс өнеркәсіп кешенінің мәселелерін шешу мен дамыту мақсатында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құруды ұсынып отыр. Онда отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қаржылай, қаржысыз қолдауға қатысты міндеттер бекітіледі.

Қор арқылы төмендегідей негізгі міндеттер жүзеге асырылады деп болжанған:

  • Бәсекелік қабілетті, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорынының нарықтық құны мен табысын арттыру;
  • Ғылыми-технологиялық қызмет, инновациялық процестер мен технологиялар нәтижесін қорғаныс саласына дайындау және енгізуді ынталандыру;
  • Қазақстан Республикасының қорғаныс саласына инввестиция тартуға қатысу;
  • Қорғаныс саласында ұлттық, салааралық, өңірлік ауқымда инновациялық стратегиялық жобаларды дайындау және жүзеге асыру, отандық қорғаныс өнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындарды жаңғырту мен әртараптандыру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • Қорғаныс саласында зертхана, ғылыми орталықтар, технопарктер құруға ықпал ету;
  • Реттелетін салалардың қызметкерлерін қайта дайындау мен біліктілігін арттыруға қатысу;
  • Кәсіпорындарды экспорттық қолдау;
  • Қорғаныс өнеркәсібінің өнімін өткізу үшін көрме іс-шараларын ұйымдастыруға, өткізуге қатысу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорғаныс өнеркәсібін қолдауға бағытталған өзге де міндеттер.

Аталған өтінім акцияның 50 пайыздан астамы (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны құру туралы мүддені білдіреді, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін жүзеге асыру арқылы тауарлық нарықты тексеру жүргізу әдістемесімен сәйкес орналастырылады, онда мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғалар құрылады. Акцияның 50 пайыздан астамы мемлекетке тиесілі, оған қосылған заңды тұлғалар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асырады», - деп түсіндірді мемлекеттік орган.

Ақпарат үшін: Форсайттық зерттеу басқармасы ғылыми-технологиялық дамыту департаментінің басшысы Алия Қыпшақбаева: телефон: +7 (7172) 74-39-08; е-mail: a.kipshakbaeva@mdai.gov.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер