«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түмендік профессор Агробіліктілік орталығының жұмысын жоғары бағалады

2016 жылғы 09 Тамыз
7384 просмотров

Ресейдің еңбек сіңірген мал дәрігері қазақстандық мамандарға ауыл шаруашылығы саласы бойынша кеңес беруде

Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті Ауыл шаруашылығы жануарларының акушерлік және жұқпалы емес аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор, ветеринарлық ғылымдар докторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мал дәрігері Анатолий Белобороденко екі бағыт – тұқымдық  түрлендіру және бордақылау алаңдары бойынша сарапшы болып табылады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агробіліктілік орталығы оны консультациялық жұмыстар жүргізу және фермерлерге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізу әдістемесімен танысу үшін шақырған.

«Мен сарапшы Бауыржан Құрманов әзірлеген әдістемемен танысып шықтым, сапасына баға бердім. Бұл жұмыс керемет орындалған. Тағы бір мәселе – бұл қазақстандық сарапшылардың тренингтері мен дәріскерлердің консультациялары. Үшіншісі –  егер біз шаруашылықтарға баратын болсақ, онда қажет болған жағдайда мен консультациялық жұмыстарды сол жерде жүргізе аламын», – деді Белобороденко.

Профессор Агробіліктілік орталығының жұмысына жоғары баға берді. «Мен бұл бастама фермерлер тарапынан үлкен қолдау табады деп ойлаймын. Өйткені, фермерлер – осыған мүдделі адамдар.  Олардың әрқайсысы сүйікті істерінен барынша мол пайда табуға тырысады. Бұл өте игілікті іс және ол өзін  толық ақтайды», – деп атап өтті ол.

Сарапшының айтуынша, қазақстандық мал өсірушілердің проблемалары дәл Ресейдегідей. «Бұл сол бордақылау алаңдары, салмақ өсімі. Бордақылау алаңдарында жиі кездесетін проблемалар: азықтандырудан бастап, малды ұстау, стрестер мен түрлі ауруларға байланысты жарақат алу. Азықтандыруға қатысты – жемнің сапасы, малдың толыққанды рационмен қамтамасыз етілуі», – деп пайымдайды ол.

«Қазір Түменде ауылдағы мал шаруашылығы саласында қандай жаңа технологиялар қолданылады?» деген сұраққа Белобороденко өңір шаруаларының қазір экологиялық қауіпсіздікке баса назар аударып отырғанын айтты. «Бұл экологиялық таза өнім алуды білдіреді. Егер біз жануарларға антибиотиктер, гормондық препараттар беретін болсақ – бұл түрлі ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін. Сол себепті біз әлдеқашан экологиялық қауіпсіз технологияларды қолданып жұмыс істеудеміз», – деп түйіндеді ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер