«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Туризм мен бизнестің ұйытқысы

2016 жылғы 19 Сәуір
- Жетісу облысы
7682 просмотров

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында тағы да маңызды оқиға болды

Қазақстандық туристік фирмалар, өнім өндірушілер мен билік өкілдері Мохуэре қаласында ұйымдастырылған екінші шабдалы гүлдеуі фестиваліне қатысты. Шара аясында Қазақстанның бизнес-қауымдастығы өкілдері «Қорғас – мемлекеттік қақпалар» туристік аймағына барып, қала дамуының көрме залымен танысты. Естеріңізге сала кетсек, ынтымақтастықты нығайтып, «Қорғас» ШМЫХО-сын іскерлік ынтымақтастық алаңы ретінде пайдалану мақсатында 2014 жылы «Жаңа Жібек жолы» Қазақстан мен Қытай Кәсіпкерлер палатасы құрылған еді. 

Алайда, басты оқиға Орталық Азия елдерінің трансшекаралық туризміндегі ынтымақтастық жөніндегі алғашқы форумның ашылуы болды. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, Орталық Азия болашақта бизнес пен туризмнің тартылыс орталығы атануы керек.

«Форум шекара маңы елдері бизнесінің арасында тығыз байланыс орнатуда бірегей алаңға айналып отыр. Қазақстандық компаниялар «Қорғастың» экономикалық әлеуетімен танысты. Олар үшін қаланың даму жоспары мен мүмкіндіктерінің таныстырылымы өтті. Көптеген отандық бизнесмендер қызығушылық танытып үлгерді», – дейді Палатаның сарапшысы Әйгерім Шәймерденова.

«Nur Ai & Co» авиатур агенттігі өткен жылдан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы сұхбаттасуға белсене қатысып келеді. Компания директоры Гүлмира Сәдуақасовның айтуынша, фирма Қытай нарығымен жұмыс істей бастаған.

«Қазақстан үкіметі екі ел арасындағы өзара байланысты нығайтуда аз күш жұмсап жатқан жоқ. Біз туристік бағыттарды жандандыру және Қазақстаннан Қытайға, Қытайдан Қазақстанға туристер санын көбейту жөніндегі бірнеше меморандумға қол қойдық. Келешекте туризм саласында өзара пайдалы әріптестік қатынастарды дамыту бойынша көлемді акцияларды бастауды жоспарлап отырмыз», – деп сөзін жалғады ол.

Сарашы атап өткендей, билік басындағылар ШМЫХО-ны әлемдегі ең ірі сауда-туристік қалаға айналдыруды көздеп отыр әрі бұл үшін бүгінгі таңда барлық жағдайлар жасалған.

«Қытай тарабы отандық компанияларға көмектесуге әзір. Олар үшін жеңілдіктер, арнайы бағдарламалар қарастырылған. Сондықтан, билік ойынхана, ойын-сауық орталықтарын салуға және «Қорғаста» іскерлік, оқиғалық турлар ұйымдастыруға қызығушылық танытып отыр. Өз кезегінде, ӨКП ҚХР-да жұмыс істеуге тілек білдіруші бизнесмендердің барлығына қолдау танытуға дайын», – деді Ә.Шәймерденова.

Айта кетерлігі, 24 сәуір күні «Қорғас» ШМЫХО-да Алматы облысы мен Алматы қаласының Өңірлік кеңесінің жиналысы өтеді. Екіжақты кездесуде әріптестіктің қордаланған проблемалары шешімін таппақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер