«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мақсат бір – кәсіпкерлікті қорғау

2016 жылғы 14 Сәуір
- Шымкент қаласы
11468 просмотров

ОҚО кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әділет департаменті кәсіпкерлікке қатысты түйткілдерді бірлесе шешіп, сол арқылы өңірдегі ахуалды реттеп отыруға келісті

Бұл ниетті екіжақты келісімге қол қойып, Меморандуммен бекітті.

Екі ведомство арасындағы ақпарат алмасу, кәсіпке қатысты заң дайындаудағы сарапшылық көмек беру, әділет органдары мен кәсіпкерлер  арасында болып тұратын мәселелерді біріге шешуге келісті.

Палата басшылығы атап өткендей, меморандумға қол қоюға облыстық әділет департаментінің кәсіпкерлікке қатысты нормативті-құқықтық актілерді реттеу кезіндегі өзара байланыс себепші болған.

«Біздердің бетпе-бет келу кезіміз – нормативті-құқықтық актілерді түсіндіру барысы, сот шешімін орындауға қатысты, – дейді ОҚО кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқын қорғау департаментінің басшысы Тимур Нақыпбеков. – Бүгінгі таңда заңнамаға көптеген өзгертулер енгізіліп жатыр. Жұмыла кіріскен іс шағымдар мен мәселелерді дер кезінде ауыздықтауға мүмкіндік тудырады. Кәсіпкерлікке қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға септеседі».

ОҚО кәсіпкерлер палатасы былтыр мемлекеттік органдардың орындамаған шешімдеріне мониторинг жасаған. Соның арқасында 30 соттың шешімі бойынша кәсіпкерлерге қарыздарын қайтару құқық бұзушылығы анықталған.

«Ол материалдар әділет департаментімен бірлесе шешіліп жатыр, – дейді Тимур Нақыпбеков, – Мұндай серіктестіктің нәтижесінде: барлық қарыз төленіп болды».

ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров облыстық әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушы Орынбасар Тастанов екіжақты жұмыстың нәтижелі болатындығына сенім білдірді. Кәсіпкерлерден келіп түсетін шағымдарды бірлесе қарастыру, кәсіпкерлік мәселелерін кешенді түрде шешу, екіжақты кездесулерді жиі өткізу, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, оларға мемлекеттік органдардың өкілдерін, кәсіпкерлерді шақыруды көздеп отыр.

Меморандумға қол қою кәсіпкерлердің заңсыз тексерістерін болдырмау бойынша жүйелі шара қолдануға септігін тигізеді деп күтілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер