«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес құрамы өзгерді

2016 жылғы 19 Ақпан
- Алматы қаласы
14231 просмотров

Өңірлік кеңестің жаңартылған құрамына сала көшбасшылары енді

Алматы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңестің биылғы алғашқы отырысы жаңа кандидатураларды таныстыру мен бекітуден басталды. Барлық саланың атынан сөйлеп, олардың дамуына әсер ететін шешімдер қабылдайтын бес көшбасшыны кәсіпкерлер праймерис арқылы іріктеп, таңдап алған.

Алматы Палатасының өңірлік кеңесінде көлік және коммуникация саласының атынан «Қазақстан автокөлікшілер одағы» ЗТБ бас директоры Сәбит Аманбаев, қоғамдық тамақтану жүйесінен "Red Dragon" ЖШС бас директоры, Мейрамханалар альянсының вице-президенті Константин Авершин, қаржылық қызметтер атынан "BANK RBK" АҚ басқарма төрағасы Игорь Мажинов, өңдеу өндірісінен "ПКФ Торнадо PLUS" ЖШС бас директоры, ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу қауымдастығының құрылтайшысы Игорь Проценко, денсаулық сақтау саласынан «Сұңқар» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы Қуаныш Керімқұлов ұсынылды. Өңірлік кеңестің жаңа мүшелерін таңдау мен бекіту бірауыздан қабылданды.

«Біздің Кеңес жаңа тұлғалармен толықты. Ұсынылған барлық кандидатуралар өз саласының проблемаларын бір кісідей білетін өз ісінің мамандары. Олардың Алматы Палатасының өңірлік кеңесіне келуі нақты ұсыныстардың, жалпы экономиканы дамыту жөніндегі идеялардың айтылуына түрткі болады деп ойлаймын. Сіздерді құттықтаймын және сіздерге жүктелген күрделі міндеттерді орындауға кірісулеріңізді өтінемін», деді қатысушыларға Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Стамбеков. Өңірлік кеңес мүшесі міндеттерінен босату туралы өтініш берген Жиһаз және ағаш өңдеу өндірісі қауымдастығының вице-президенті Михаил Глуховтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның Өңірлік кеңес құрамында атқарған қызметі ескеріліп, жоғары бағаланды.

Отырыс аясында бизнесті қаржылық емес сервистік, технологиялық  қолдауды жетілдіру туралы ұсыныстар талқыланып, Алматы қалаласы Кәсіпкерлер палатасының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Еске сала кетсек, 2013 жылдың 22 қазанында құрылған Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесі Палатаның бақылау органы саналады. Оның құрамында өңірдегі ірі кәсіпорындар басшылары мен бизнес-қауымдастықтар өкілдерінен тұратын 30 мүше бар. Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері қатарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін нығайту және қолдау, жергілікті басқару органдары мен бизнес-қоғамдастықтардың келісілген инвестициялық саясатын қолдау, саланың жүйелік мәселелері бойынша ұсыныстарды жасап шығару бар.

Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі құрамы туралы ақпаратпен мына жерден танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер