«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кадрлар жұмыс берушілердің өтініші негізінде даярланбақ

2016 жылғы 05 Ақпан
8877 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында «Жұмыспен қамту жол картасы–2020» Бағдарламасының жандандырудың негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ұлттық палата осы тақырып бойынша ӨКП өкілдеріне арнап бейнеконференциялық байланыс арқылы оқыту семинарын ұйымдастырды.

«Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ президенті Дәулет Арғандықовтың мәліметінше, жандандыру аясында «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасының кәсіпкерлік негіздерін оқыту, шағын несие беру, оқыту мен басқа аймаққа көшіру арқылы жұмысқа орналастыру бөлімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Тұтастай алғанда «Жұмыспен  қамту жол картасы – 2020» Бағдарламасы аясында кәсіпкерліктің құрылу және даму парадигмасы өзгеріп келеді.  Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша жұмыс берушілердің қажеттіліктері басты назарға алынып, бұған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның аймақтардағы институттарының қатысуы белсенді түрде жүзеге асатын болады.

Сонымен бірге жұмыс берушілерден кадрлардағы қысқамерзімді қажеттіліктерді анықтау жөніндегі сауалнамалар ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселелер бойынша материалдарды https://iac.enbek.kz/ru сілтемесіне өту арқылы табуға болады.

Анықтама үшін: «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын (ҚРҮ 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №1029 қаулысымен бекітілген) жандандыру аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келесі бағыттарды жүзеге асыруы көзделіп отыр:

Кәсіпкерлік негіздерін оқыту бөлімі бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары және/немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары базасында кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру.

«Бизнес-идеяны таңдау – кәсіпкерлік негіздерін оқыту – шағын несие беруді жүзеге асыру – жобаны бір жылға дейін қолдау бойынша қызмет көрсету шартын жасау» кезеңінде сервистік қолдау мәселелері бойынша  КҚКО және КҚО функционалын кеңейту көзделіп отыр. 

Шағын несие беру механизмін жандандырудың мәні шағын несиені тек КҚКО және/немесе КҚО базасында кәсіпкерлік негіздерін оқытуды жүзеге асырғаннан кейін ғана беруде жатыр.

Жұмыс берушіның талабына сай оқыту және басқа аймаққа көшіру арқылы жұмысқа орналастыруға ықпал жасау

Бағдарлама аясында келесі мәселелер қарастырылған:

Тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтары Бағдарлама қатысушыларын кәсіби түрде оқыту және/немесе жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жеке өздері немесе қолданыстағы мемлекеттік сатып алулар және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалдарын, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісе отырып, тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалымен бірлесе белгілеген кадрлардағы қажеттілікке сәйкес кәсіби оқу түрі мен білім беру ұйымын таңдайды.

Бұдан бөлек келесі бағыттарды жүзеге асыру көзделіп отыр:

- қайта даярлау және біліктілікті арттыруға мемлекеттік гранттар бөлу,

- республикалық және аймақтық деңгейдегі кәсіпорындардағы білікті жұмысшылардың жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін қысқартылған жұмыс уақыты ішінде уақытша субсидиялау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер