«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өндірушілер мен экспорттаушыларға арналған миллиардтар

2015 жылғы 07 Желтоқсан
8237 просмотров

Дағдарысқа қарамастан, олар Ұлттық қор қаражатынан қолдау алады

ҚР Үкіметінің 16 қарашадағы №913 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық банкінің 2015-2016 жылдарға арналған отандық өндірушілер мен экспортшыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі Бірлескен әрекет жоспарына түзетулер енгізілді.

Сандардан бастайық. 2015-2016 жылдары отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолдауға арналған Ұлттық қор қаражатынан орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың жалпы көлемі 100 миллиард теңгені құрайды. Қаулыда аталғандай, осы мақсатта «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі жылдық 0,1% сыйақы мөлшерлемесімен облигациялар айналымы басталған күннен бастап 20 жылға дейінгі мерзімде 100 миллиард теңге сомасына (2015 жылы 85 миллиард теңге және 2016 жылы 15 миллиард теңге) облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алады. Облигациялық қарыздарды жабу мерзімі – айналым мерзімінің соңында, әрі эмитент бастамасымен мерзімінен бұрын өтеу құқығымен. «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ қаражат алғаннан кейін жоғарыда аталған үш бағыт бойынша шараларды жүзеге асыру үшін «БРК» АҚ-ға қарыз шартын жасау жолымен 2015 жылы 85 млрд теңге мөлшерінде және 2016 жылы 15 млдр теңге көлемінде қарыздық қаражат береді. Оның шарттары – сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,15%, қарыз мерзімі - 20 жылға дейін, негізгі қарызды төлеу – қарыз сомасының соңында, әрі қарыз алушының бастамасымен мерзімінен бұрын жабу құқығымен, қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 2 рет. Бұл қаражат отандық автоөндірушілер, жолаушылар вагонын өндірушілер; экспорттық және экспорт алдындағы кредит беру үшін лизинг және/немесе қарыз тетігі арқылы қаржыландыруға арналады. Қарыз көлемі 100 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде 2015 жылы: 30 миллиард теңге – отандық автоөндірушілерді қолдауға, 5 миллиард теңге – жолаушылар вагондарын өндіруді қолдауға және 50 миллиард теңге – экспортшыларды қолдауға. 2016 жылы экспортшыларды қолдау 15 миллиард теңгені құрайды. Қаулының «Еврокоптер» тікұшақтары өндірісін қолдауды көздемейтінін айта кетейік, бұл тарау құжаттан алынып тасталды.

Қаулыда Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру саласындағы жағдайды ағымдағы талдау деректері де келтірілгенін атап өтеміз. 2014 жылдың қорытындысы бойынша шығару көлемі 0,5% құлдыраған, сонымен бірге жеңіл автомобильдер өндірісінің 0,8% азаюы, жүк темір жол вагондарының 5,2%, жолаушылар вагондарының 55%, дизельдік локомотивтердің 44% төмендеуі байқалады. Құжатта көрсеткіштердің құлдырау себептері арасында ішкі тұтынушылық сұраныстың төмендеуі, шығарудағы өзіндік құнның өсуі, сонымен қатар негізгі сауда серіктестермен рада байқалатын валюталық теңсіздік нәтидесінде бәсекеге қабілеттіліктің түсуі айтылады.

Шенеуніктер Қазақстанға автомобиль импортының өсуіне де алаңдаулы. 2014 жылы 0,4% өскен. Егер импорт географиясы мен көлемі жайлы айтар болсақ, онда Ресейден авто әкелу 7,9% өссе, Өзбекстаннан - 58%, Беларусьтан - 4,4 есе.

Отандық тауарларды экспорттайтын және Қазақстан аумағында өңдеу өнеркәсібі саласында шығарылатын өнімдерді импорттайтын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін (соның ішінде резидент еместер)  биылғы жылғы қаржыландырудың жалпы сомасы 50 миллиард теңгені құрады. Жаңа, 2016 жылы олар үшін 15 млрд. теңге көзделіп отыр. Аталмыш қаулы қол қойылған күннен бастап әрекет жасайды, делініпті құжатта.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер