«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Инспектор, тежеуішті басыңыз!

2015 жылғы 14 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
8781 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы компанияны еңбек тексерісі талаптарынан қорғап қалды

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасына «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС бас директоры Ян Хуайи құқықтық көмек көрсетуді сұрап жүгінді.

Басшы Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының әрекетіне шағымданды. Еңбек жөніндегі  мемлекеттік инспектор Асланбек Бахатов компанияның бұрынғы жұмыскері Есеналиннің шағымымен компанияда ҚР еңбек заңнамасының сақталуын тексерген екен.

«16 шілдеде хат алдық. Онда қысқа мерзім ішінде жұмыскерлердің бірінің жұмыстан шығарылуына қатысты барлық қажет құжаттарды ұсынуға тиіс болдық. Сұрауды алған бетте барлық құжаттарды даярлай бастадық. Келесі күні тексеріске бөгет жасау және инспектор талабын орындаудан бас тарту дерегі бойынша әкімшілік хаттама жасау үшін еңбек инспекциясына шақырған хабарлама алғанда, таңданысымызда шек болмады», - деп бас директор егжей-тегежйін жеткізді.  

17 шілдеде компания өкілдері сұралған құжаттарды беру мерзімін ұзарту туралы өтініш қалдыру үшін, еңбек инспекциясына бас сұғады, алайда олардың өтінішін ведомство қабылдамайды. Өтініш ресми түрде тек 20 шілдеде беріледі. Ведомство қызметкерлері жазбаша жауабында, тексеріс жүргізу мерзімін прокуратура органы орнатқандықтан, құжаттарды жинауға қосымша уақыт берілуінің мүмкін еместігін хабарлады.

«Өтінішке қосымша тіркелген құжаттар көшірмелерін қарап шығып, инспектор Асланбек Бахатовтың 17 шілдедегі әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама ресімдеу жөніндегі әрекетінің уақытынан бұрын әрі негізсіз жасалғанына көз жеткіздік, себебі ЖШС жұмыскері сұрауды 16 шілдеде жұмыс соңына 20 минут қалғанда алған. Сондай-ақ компанияның қай кезеңдегі бұйрықтарды, актілер мен құжаттарды ұсынуға тиіс екені түсініксіз. Басқарма басшысына Ақтөбе облысы мамандандырылған әкімшілік сотынан «СағызПетролеумКомпани» ЖШС басшысын қатысты әкімшілік істі қайтарып алу бойынша шаралар қолданылуын сұрап жүгіндік», - деп жеткізді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Руслан Күйшінов.

Әкімшілік іс қаралған сотта ол құқық бұзу құрамының жоқытығынан тоқтатылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер