«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мониторинг қажет!

2015 жылғы 30 Маусым
6864 просмотров

Ақтөбеде өткен бірлескен отырыс барысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Төрағасы Ғани Қасымов Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына сәулет және қала құрылысы саласында қоғамдық мониторинг өткізуді тапсырды.

ҰКП-ның құрылыс саласы түйткілдерін жиі көтеретіндігіне қарамастан, мұндай түйткіл азаяр емес. Бұл көбінесе жер-жерлердегі бюрократтық әуре-сарсаңмен байланысты.

«Бұл тақырып аса салмақты. Құрылыстағы негізгі түйткіл – бұл жер телімін алудан бастап нысанды пайдалануға бергенге дейінгі құрылыс процесін нақты реттеудің жоқтығы. Құрылыс құжаттарын ресімдеуге кейде құрылыстың өзіне кететін уақыттан да көп уақыт жұмсалатынын, кейді тіпті бір жыл-бір жарым жыл кететінін атап өту қажет. Осы шешілмес түйінді алып тастауға тиіспіз. Орта статистикалық нысан құрылысы процесіне шамамен 50, шын мәнісінде 60 құжаттың болуын талап етіледі. Бұл алғашқы құжаттар. Олардың әрқайсысына тағы 15-20 анықтамадан жинау қажет болады. Бастапқы құрылыс 260 қол жинауды талап етеді және шамамен 500 жұмыс күнін алады», - деді Ғани Қасымов және өңірлік Палаталарға сәулет және қала құрылысы саласында қоғамдық мониторинг өткізуді әрі заңнаманы өзгерту жөнінен ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы үшін тұрғын үй ғимараттарын қабылдау түйткілі шешілмей қалып отыр. Бұл мәселенің күн тәртібінен түспегеніне бір жыл болыпты.

«Үкімет қаулысымен бекітілген Нысанды қабыладу және жұмыс комиссиясының қабылдау ережесіне сәйкес, толық дайын ғимаратқа ішкі әрлеу (өңдеу, бояу, түсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, санитарлық-техникалық жабдықтар мен құралдар, тұрмыстық нысанадағы электр-техникалық аспаптар, газ немесе электрлі асүй плиталары және пәтер ішіндегі есік блоктары орнатылған нысандар жатады. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспананы (эконом-санатты) пайдалануға тапсыру «таза» әрлеумен жүзеге асырылуға тиіс, ал коммерциялық желі бойынша (бизнес және премиум-санатты) – сатып алушы таңдауы бойынша. «Толық дайындық» формасы бойынша пәтерлер әрлеуіне қойылатын талаптар коммерциялық тұрғын үй сараланымында ғана сақталуға тиіс», - деп Ғани Қасымов осы мәселе төңірегіндегі ҚР ҰКП көзқарасын білдірді.

ҰКП «Толық дайындық» ұғымына жаңадан түсінік беру ұсынысымен ҚР ҰЭМ Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетіне де жүгінген болатын. Алайда ведомство келіскен жоқ. Сонымен бірге, 2015 жылғы 28 мамырда уәкілетті органдар мен мүдделі тараптар өкілдері пәтерерді әрлеу норматив-реттемесін жасау туралы ұсыныс дайындаған болатын.  

«Кәсіпкерлер түйткілдерін шешуде мұндай сөзбұйда және төрешілдік деректері көптеп кездеседі», - деп қорытты Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Төрағасы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер