«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Болашақтықтардың» ізгі кеңестері

2015 жылғы 10 Маусым
7658 просмотров

«Болашақ» бағдарламасының түлектері кәсіпкерлерге арнап бизнес жүргізу бойынша ұсыныстар даярлауда

«Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Қуандық Бішімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Болашақ» Қауымдастығының қазақстандық топ-менеджерлер тәжірибесіне негізделген бизнес-идеялар жинағын даярлап жатқанын хабарлады.

«Бизнес-кейстер жинағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бизнес механизмдерін тереңнен зерттеп-білу үшін шығарылады», - деді Қуандық Бішімбаев.

Кеңес басшысы атап өткендей, жетекші сарапшылар өз тәжірибелерімен бөліседі, олардың тәжірибесі ісін бастаушы кәсіпкерлерге бизнес құру әрі оны ұйымдастыруда көмектеседі. Жинаққа менеджмент, банк ісі, макроэкономикалық саясат, тәуекелдерді басқару және басқа да мәселелер бойынша түрлі бағыттар бойынша нұсқаулықтар енеді.

Жинақты үстіміздегі жылдың күзінде шығару ұйғарылып отыр.

Қуандық Бішімбаевтың айтуынша, «Болашақ» Қауымдастығы «100 қадам» құжатында белгіленген Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын жүзеге асыруға белсене қосылды. Сонымен, Қауымдастық базасында құрылған Мансап орталығы жас мамандардың жұмысқа орналасуына және мансаптық сүйемелденуіне жәрдем көрсетеді. Қауымдастық сонымен бірге «Internship Bolashak» жобасын іске қосты. Аталмыш жоба жүзден астам жас маманға арнап бастапқы кезеңде жұмыс орнын құруға көмектеседі. Жобаға қатысушылар ірі кәсіпорындарда, банктерде және еліміздегі басқа да ұйымдарда төленетін машықтанудан өте алады. Ол үшін Қазақстандағы ірі кәсіпорындар мен банктер басшыларымен 14 меморандумға қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер