«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйелдер тіл табысты

2016 жылғы 12 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
6287 просмотров

Ол сату-сатып алу шартын әділет органдарында дер кезінде тіркемегендіктен туындаған еді

Жеке кәсіпкер Елена Белоусова СҚО Кәсіпкерлер палатасының Мағжан Жұмабаев ауданындағы филиалы – Кәсіпкерлікті қолдау орталығына көмек сұрай келген еді.

Кейін анықталғандай, кәсіпкер 2011 жылы жеке кәсіпкер Көгершін Хасеновадан коммерциялық жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған, алайда әділет органдарында сату-сатып алу шартын тіркемеген.

«Осыған байланысты Хасенова ЖК-ға мүлікке үстемақымен қоса салық төлеу қажеттігі туралы ескертпе жіберілген. Ал ол уақытта көрсетілген мүлік Белоусова ЖК-ның меншігінде болған, кәсіпкер салықты дер кезінде төлеп тұрған. Сондықтан кәсіпкерлер арасында даулы мәселе туындап, оны шешу үшін Елена Викторовна бізге көмек сұрай келіпті»,– дейді СҚО КП аудандық филиалының директоры Нұржанат Шәрімов.

Бизнес-ханымның жағдайына қаныққан КҚО-ның кеңес берушісі Талғат Жұмабеков кәсіпкер әйелге қате төленіп келген қаражатты қайтарып алу үшін, декларацияны қайтару туралы өтінішпен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына бару қажеттігін түсіндірді. Одан соң ол алған қаражатын жеке кәсіпкер Хасеноваға бере алады. Мәселенің мұндай шешімі Еленаны қанағаттандырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер