«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» түлегі ет дүкенін ашты

2018 жылғы 17 Қазан
- Қарағанды облысы
9360 просмотров

Халал стандарты бойынша өнімді Осакаровка ауданында сататын болады

Ауданда мұндай өнімге бәсекелес жоқ. Қарағандылық азамат екі жыл бұрын кішкентау ауылға көшіп, «Бастау» жобасы арқылы өз арманын жүзеге асыра алды.

Бұл қадам Хайрат Аманбековтың өзінің ішкі қорқыныштары алдындағы бірінші жеңісі.

 «Қарағандыда мен базарда еттің алып-сатары болып жұмыс істедім. Жеке кәсіп ашу арман болды. Ал мұнда мен бірден 100 шаршы метрді құрайтын үлкен ет павильонын аштым. Жылдар бойы үнемі кедергі келтіретін ішкі қорқыныштармды «Істей алам ба?», «Шамам келе ме?» деген сауалдарды жеңуге «Бастау» көмектесті. Бизнес-жоспар жазуды, бухгалтерлік есептерді жүргізуге үйрендім, бастысы немен айналасу керек екенін түсіндім», – деді Хайрат.

Өмірдегі әуесқойлық, сүйікті хобби іс жүзінде бизнес-жоспарларға және табысты жобаларға айналады. Ал бизнесте ол өзінің алғашқы қадамдарын отбасының, достарының және Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жасайды.

Жоба құны 5 млн теңге болса, оның 3 млн-ны – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыландырылады, ал қалған сома кәсіпкердің жеке қаражаты. Қор берген қаражат дүкен алуға жұмсалды.

Әзірге штатта 1 адам, кейін кеңею көзделген. Бірақ қазірдің өзінде мұндай қызмет түрінің сұранысқа ие екенін білуге болады, дейді кәсіпкер.

 Дүкендегі өнімдер ассортименті көз қуантады, мұнда бәрі бар – жұмсақ, балғын сүйексіз ет, жіліктер, майлы сүбе, фарш, жартылай дайын өнімдер жәнетағы басқа еттен өндірілген азық-түлік. Бастысы мұның бәрі дәмді.

 Хайрат Аманбеков «Бастау» жобасының 2018 жылдағы бірінші легінің түлегі. Маусым айында оқу аяқталып, бизнес-жоспар сәтті қорғалады, ал шілде айында бастауыш кәсіпкер несиелі трашты алады.

 «Бастысы өзіңе деген сенім болуы керек екен. Жасырын қабілетімді ашқан, осындай бағдарламаны қолға алған «Атамекенге» рахмет. Бұл ауыл шаруашылығына, ауыл жастарына жақсы мүмкіндік. Мен аудандық филиалмен тығыз қарым-қатынастамын. Барлық заңгерлік, салықтық және буъгалетрлік мәселелер, есептер бойынша олар сүйемелдеп отыр, тегін. Мамандығым бойынша құрылысшымын, 15 жылға жуық совхоздарда жұмыс істедім. Өмірімнің осылай күрт өзгеруін, аудандағы бизнесмендер қатарын толықтыратынымды кім білген», – деді дүкен иесі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Осакаров ауданында «Бастау» жобасына 209 адам қатысты. 69 бастаулық жобаларын сәтті қорғап, кәсіп ашты немесе бизнесін кеңейтті.

 Биыл «Бастаумен» ауданның 217 тұрғынын оқытып, 87-не қаржы бөлу жоспарланған.

 Айта кетелік, «Бастау» жобасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүрзізілуде.

 Биыл жоба Қарағанды облысының барлық ауданында жүріп жатыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер